Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары


Ғылым жүйесіндегі криминалнстика



бет5/20
Дата19.01.2023
өлшемі19,7 Mb.
#165876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Криминалистика - альбом 1
Сабақ жоспары Вирус , 10 Су буы. Су буыны энтропиялы диаграммалары, 10 апта.Силлабус. Әдебиет, English File 4th edition Elementary Students book, mzh.-tamyrdy-shk-rylysy-floema-ksilema-kambiy.-zerthanaly-zhmys-sabaty-shk-rylysyn-zertteu-.-z, DOC-20230901-WA0015.
Ғылым жүйесіндегі криминалнстика.
Криминалистика қылмыстық және азаматтық іс жүргізу ғылымдарымен тығыз байланысты, әсіресе дәлелдеу теориялары мен тергеуші және сот әрекеттерін жүзеге асыру тәртібіне арналған бөлімдерімен байланысы зор.
Іс жүргізу ғылымдары соттық зерттеу саласындағы криминалистикалық ұсыныс шарттары мен өзгерістерін және криминалистикалық құралдарды, әдіс-тәсілдерді қолдану процесіндегі әр түрлі қатысушылардың өкілділіктерін анықтайды.
Криминалистика мен қылмыстық құқық ғылымы арасында тығыз байланыс бар.
Қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамының белгілерін анықтамай осы қылмыс түрлерін тергеу әдісін реттеу мүмкін емес, себебі алдымен қылмыстың жағдайын қандай жолмен анықтау туралы мәселесін шешуден бұрын, олардың құрамы мен белгілерінің қандай екенін білу қажет.
Криминалистика үшін ұқсас болып табылатын әкімшілік құқық сияқты занды ғылымдардың, әсіресе оның арнайы бөлімінде қылмыстарды ашу мен тергеуді дұрыс жүргізу жайында Ішкі Істер Министірлігі органдарының жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері көрсетілген және криминалистика еңбекпен түзету мекемесінде болатын қылмыстар мен күреске арналған ережесі бар қылмыстық атқару құқығымен байланысы басым.
Философиялық дареже негізінде криминалистика ғылымының жалпы теориясы құрылады, оның әдістері туралы көріністер қалыптасады және криминалистикалық ұсыныстың практикалық маңызы мен нақтылығын жақсарту мақсатында есеіптелінетін заңдылықтары анықталады.
Этика ерсжесі - мораль, адамгершілік, адамдардың тәртіп нормаларымен, олардың өзара және қоғаммен қарым-қатынасы туралы ғылымдары ретінде жедел іздестіру қызметкерлерінің, тергеушінің, соттың жиынында, дәлелдеулерді зерттеу мен қолдануда, дәлелдеу процесіндегі олардың әрекеттері мен қатынастарындағы тәртіп кешенін анықтайтын криминалистика мәселелерін жақсартудағы алғашқы басқарушы бастамасының бірі ретінде жүзеге асады.
Криминалистика мен логиканың ара қатынасы, криминалистикалық ғылыми зерттеу негізінде анализ бен синтез дедукция мен индукция, абстракция, аналогая және т.б. сияқты логикалык ойлау әдістерін қолданылудан құралады.
Логнка ережесі, әсіресе дәлелдеу логика бөлімі көптеген тактикалық және әдістемелік мәселелерді шешуде сілтемелі болып табылады: тактикалық тәсілдер мен тергеу әрекеттерін жүргізуді қолданудың реттелуін анықтау, дәлелдерді тіркеу құралын қолдану, дәлелдерді бағалау және оларды зерттеу жолдарын таңдау және т.б.
Криминалистиканы сот химиясымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен көп негіздер байланыстырады. Қылмыспен күрес, тергеу объектілерінің ортақтығы, тергеу құралы мен тәсілдерінің қоса енуімен өзара көмектері сияқты аталған ғылымдардың мақсаттары криминалистикамен ортақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет