Суық қару жәнс оны қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу.
Суык қаруды және оны колдану іздерін криминалистикалық зерттеу - бұл өз объектілерін ауыстырушы және еске салушы, сонымен бірге оларды қолдану іздерінің қалыптасу зандылығы зерттелетін;
қылмысты ашуда, тергеуде және алдын алуда заттық дәлел ретінде объектілерді тергеу мен зерттеудің әдіс-тәсілдерін жақсарту мәселелері қарастырылатын криминалистикалық қарутанудың бөлімі.
Суық қару - бұл конструкцияланған арнайы дайындалған яғни бұлшық ет күшімен адамға немесе өзге адамдарға, жануарларға жақын жерден қақтығыста дене зақымын келтіруге арналған қару.
Суық қарудың жалпы жинақтаушы белгілері:
- өмірге зияны бар арнаулы үшкір, лезвие, ине және т.б. бөлшектерінің болуы;
- қолға ыңғайлы, дене жарақатын салуда өзіне
зияны тимейтін бөлшектің болуы;
- құралдың механикалық сапасының мықтылығы.
Суық қарулар құрал түрлерінің белгілерін ажыратуға мүмкіндік беретін көптеген түрлерге жіктеледі:
а) шаншушы суық қаруларға шпага, стиллеттер, бәкі, ине шанышқылар және т.б жатады. Шаншушы қару дененің жұмсақ терілерін жарақаттайды, сондықтан оны қолдануда бұлшық ет күші
пайдаланылады;
ә) шаншышқы-кесуші суық қарулар бір және екі қырлы болып жіктеледі.
Бір қырлы пышақтар сынап пен саптан тұрады. Және олардың арасында шектеуші бекітіледі. Сынаптың жүзі мен қыры болады. Саптың сақинасы мен соңы болады.
Пышақтардың жинақталу белгілері:
- өткірлігі бір жүз бен қырдан құралған;
- өткірлігі сынап ұзыңдықтың осы бойынша немесе одан жоғары қыр сызығына дейін орналасуы;
- сынап ұзындығы 7-8 см. кем болмауы;
- жарақат салуда және қаруды қайта
алуда ұстауға ыңғайлы caп;
- құралдың жаллы мықтылығы және сынаптың қаттылығы.
Қос жүзді пышақ - бәкі (кинжал) - екі жүздің қосылуында өткірлік қалыптасқан екі кесуші жиектермен сипатталады.
Кинжалдың жинақтау белгілері: \
- барлық құралдан және жүздің симметриялары шектеулі;
- өткірлік жүздің өзіне сәйкес орныққан,егер жүз иілген болса, симметрия осінің
қалпы қисық сызықты болады;
- сынап ұзындығы 7-8 см. кем емес;
- қолға ұстауға ыңғайлы сабы бар;
- құралдың жалпы сапалылығы.
б) шауып-кесуші суық қару-қылыштар, балталар, ай-балталар;
в) шаншушы және
шауып кесупгі суық қару-қылыш, айбалта, найза-тесак, ірі бәкілер;
г) ұрып-майдалаушы қарулар-шоқпар, кастет, нун-чактар және т.б.
Қылмыскерлермен қолданған шоқпар
темір трубалардың кесіндісінен, кабелъ кесінділерінен, күрек пен сыпыртқы бөлшектерінен жасалынады. Ондай объектілерді суық қару деп тану үшін объект массасын. Жасалынған объект қаттылығын және міндетті түрде сабының өлшемін (30-40 см. ұзындығы, 3 см. диаметрі) анықтау қажет.
Кастеттер мүсінді пластинаны көрсетеді және ұрушы беткі қабатымен саусақтарға арналған тесіктерден турады. Кастеттер темірлерден, әр түрлі
пластмассалардан, қатты ағаштардан жасалады. Алақан жағы домаланған, доғаланған немесе төртбұрышты темір пластикпен бекітілген кина тәріздес таңғынттан құралады. Алақан жағы қолға киілгенде пластика оның ішкі бет қабатында қалады және соққы ашық алақанмен беріледі.
Ұрғыш құрылымы бойынша 1-2 килогрммдық гантельге ұқсас болып келеді. Ол жұдырықта ұсталынады және шар тәріздес соққы беруші бөлшек. Ол шынтақ астында орналасады және соққы жоғарыдан төменге қарай бағытта жүзеге асады.
Нунчак-бұл суық қарудың құрамды жаңа түрі. Ол соққы беріп бөлшектеуші және кемітіп қылқындырушы құрал. Нунчактар екі (кей жағдайларда 3; 4; 5) ағаш цилиндрлі, тегіс немесе ауыр элементтерден тұрады, ұзындығы 25-30 см. және әрқайсысының салмагы 0,3 кг.
кем емес, бір-бірімен жұмсақ затпен байланысатын суық қару.