Көлік құралдарыиың іздері.
Көлік трасологиясы - әр түрлі көлік құралдарымен бөлшектерімен қалдырылған іздерді зерттеуші кримина листиканың бір бөлімі.
Көліктің іздерін зерттеу трасологияның салыстыру және диагностикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік реді.
Болған қылмыспен байланысты көліктерді қолданған жағдайда автокөлік құралдарының іздері зиян тигізу заты қылмыс құралы немесе қозғалыс құралы ретінде крими налистикалық зерттеу объектісі болады.
Көлік құралдарымен қалдырылган іздер криминалистикалық жоба бойынша 4 топқа жіктеледі:
а) жүргізуші бөлшек дөңгелектерінің, шана табандарының қозғалыстағы немесе бір орында тұрғандағы қалыптасып, қалған іздері;
ә) көлік құралдарының негізгі бөлшектері мен қал|дырылған іздердің көрінісі;
б) көлік құралының өзінде пайда болған оқиға болған жердегі әр түрлі объект іздерінің көріністері;
в) оқиға болған жерде көлік құралынан бөлініп қалған жеке бөлімдер, бөлшектер,майда құрамалар,заттар.
Жүргізуші бөлшек іздерін рельссіз көлік қалдыры дөңгелектің жағдайы бойынша із қалу кезінде шаі және тайғанау іздері ерекшеленеді. Бірінші топтағы ізде дөңгелектің бұру, тоқтау және белгілі бір кедергі жерлерге (ой, шұңқыр, балшық) тығылу салдарынан пайда болса екінші топтағы іздер тоқтау барысындағы дөңгелектің (дөңгелемей) жолды сызып өтуінде қалыптасады.
Із қабылдаушы объектінің қабатына байланыс қозғалушы бөлім іздері беткі қабаты және көлемді болып келеді.
Беткі қабатты іздер қабатты және қабаттану іздеріне жіктеледі. Қабатты іздер негативті және позитивті болады.
Көлемді іздер жерлердің өзгерген қалдық іздері болып табылады және протектордың жүруші бөлімінің көлемдік көшірмесін ғана емес, сонымен бірге оның жақтарынын сипатын көрсете алады.
Жүргізуші бөлімнің іздері арқылы қозғалыстың тәртібі, бағыты, түрі, көлік моделі анықталады.
Көліктің түрі мен моделін колие-жол ені және автокөлік базасы бойынша айқындайды.
Колие-жол ені - бұл орталық сызық аралығындағы оң және сол артқы дөңгелек немесе артқы қос дөңгелек арасындағы іздері.
Автокөлік базасы - бұл алдыңғы және артқы дөңгелектердің осьтері арасындағы ара қашықтық.
Табылған барлық жүргізуші бөлім іздері оқиға болған жерді қарау хаттамасында көрініс алады.
Оқиға болған жердегі алынған жүргізуші бөлім іздерінің жапсырмалары мен суреттері сараптамалық зерттеуге жіберіледі.
Трасологиялық сараптаманы шешу үшін мынандай мәселелер қарастырылады:
- із қандай көлік моделдің шинасымен қалдырылған;
- оқиға болған жердегі қалған із бойынша көлік құррылысының түрін (маркасын, моделін) анықтау;
- із қалдырудш көліктің козғалу бағыты;
-алынған шиинаның ізі қалдырылған бағыты;
- жәбірленуші киіміндегі қалған дөңгелек (алдыңғы, артқы, оң және сол) іздерін анықтау.
Оқиға болған жерде табылған, бөлініп түскен бөлшектер мен құралдар көлікті іздестіруге, салыстыруға, сонымен бірге оқиғаның болған нақты жерін анықтауға қолданылады.
Оқиға болған жерде қалған объектілер келесі жағдайлармен топталады:
а) көліктің фарасының, органикалық әйнектерінің және басқа әйнектен құралған бөлшектерінің сынықтары;
ә) лакталған қабаттардың бөлшектері;
б) көлік бөлшектершің сынықтары;
в) жеке тораптаманы құраушы немесе бекітуіші бөлшектер,
Фараның және тағы басқа бөлшектердің әйнек сынықтарын зерттеу арқылы автокөлік түрін, моделін, маркісын және оларға байланысты көлік моделін анықтайды.
Көліктен бөлінген лакты бояу бөлшектері, антокөл түсін анықтап,осы анықтамаларды іздестіру мәліметтеріі енгізуге мүмкіндік тудырады, ал көлік құралы табылғанн кейін трасологиялық және материалдық сараптама өткізу болады.
Көлік құралының козғалыс іздері болып негізгі тынас іздері (бейнелеу іздері) табылады.
Олар екі немесе одан да көп көліктердің қақтығусында көлік бөлшектері жәбірленушінің денесінен (Көйлегінен) қаққанда, адам денесін басып өткенде, қоршаған жайлар объектілердің қатынасында пайда болады.
Қатынастық байланыс іздерін зерттеу оқиға болға жерден жалтарған көлікті анықтау, сонымен бірге жол-көліктік немесе басқа әрекеттердің жағдайларын түзеу мақсатында жүргізіледі.
Көлік құралдарының негізгі бөлшек іздері статистикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Іздердің түсуі көліктердің қақтығысу түріне байланысты.
Көлік құралдарының қақтығыс іздерін зерттеу кезінде оның болу себебі анықталады:
- қарама-қарсы көліктердің бір-біріне қарсы бағыты;
- бір бағыттағы көліктердің бір бағыттағы қозғалыстары;
- бұрылғыш көліктердің бұрыштап келу қозғалысы.