Соттық-зерттеуші еурет.
Соттық-зерттеуші сурет сараптама мен қайта зерттеу жүргізілгенде қолданылады. Оның көмегімен келесі мәселелер шешіледі:
- зерттелуші объектілердің немесе олардың үзінділерінің анық көрсету үшін ерекше үлкеңдікпен ұлғайтылып түсіру;
- зерттелуші объектілердің жай көрінетін немесе көзге көрінбейтін белгілерін анықтап, түсіру.
Осынан алынған суреттер сараптама мен зерттеулердің қорытындысының және істің сапалығын арттыру үшін қолданылады.
Соттық суретті зерттеу арнайы әдістерді қолдану аркылы жүргізіледі микро және макро суреттер, қарама-қарсы және түс бөлуші суретке түсіру, спектордың көрінбейтін зонасындағы (инфрақызыл, ультракүлгін, ренттен) түсірілген суреттер. Сраптамамен зерттеулер жүргізгенде көрнекі сурет әдісі де пайдаланылады.
Соттык-зерттеуші сурет әдістерінің сипаттамасы:
а) микросуретке түсіру микроскопты қолдану арқылы жүзеге асады. Микросурет арқылы зерттелуші объектінің белгілері, бөлшектері 10 есе ұлғайші түсіріледі, яғни көзге ерекшеліктері көрінбейтін белгілерді ұлғайтып тіркеу.
Бұл әдіс микротрасс, микробөлшектер, талшықтар және т.б. микрообъектілерді зерттеуде қолданылады. Оның көмегімен идентификациялық және диагностикалык мәселелер шешіледі.
ә) қарама-қарсы және түс бөлуші суретке түсіру жай көрінетін, уланған, өшірілген, боялған, сөнген, қиын ажыратылатын қол, аяқ киім, бұзушы құралдар, атылған іздерін табу мен бекіту үшін пайдаланылады.
Бұл әдісте кәдімгі фотоаппарат қолданылады, бірақ ол арнайы жасалынған жарық түсіруші құралдар мен жарық түсіру тәсілдерін пайдалану арқылы түсіріледі.
Қарама-қарсы суретке түсіру объектінің түсін және оның суреттік көрінісін өзгертуге мүмкіндік туғызады.Бұл суретте жарық зор мағынаға ие. Ол өтпелі жарықтың қыр жақтарынан тіке, жан-жақты түсіріледі.
Түс бөлуші сурет түсірілетін объект бөлшектершің түсті ерекшеліктерінің айқындығын фото көріністе ерекшелейді.
б) инфрақызыл сәуледегі суретке түсіру криминалистикада жақын жерден атылған оқ іздері мен құжаттарды және басқа да объектілерді зерттеуде қолданылады. Онда фотоматериалдар және инфрақызыл спектр зоналары пайдаланылады.
Суретке түсірудің екі әдісін бөліп керсетуге болады:
жарық сәулелерде және инфрақызыл люминесценцияда тұсіру.
в) ултракүлгін сәулелердегі суретке түсіру өшірілген, түсі кеткен және сөнген темір ұшты немесе сиялармен жазылған мәтіндерді, әйнекті, одан жасалған бұйымдарды дифференциялауға, сонымен бірге мөлдір минералдардан жасалған бағалы заттарды, өртке қауіші заттарды, қанды, сілекейді және т.б. адам ағзасынан бөлініп шыққын іздерді табу үшін қолданылады.
г) ренттендік, гамма және бетта сәулелеріндегі суретке түсіруге фотоаппаратсыз улкен өтімді сәулені генерациялайтын арнаулы құралды қолданады.
Сәулеленген объектіні түсіргенде, объектінің суреті, негативі көлеңкелі қара түсті көрініс береді. Сонымен бірге объектінің көрінбейтін ішкі құрылыстары түсірілген негативін рентген сәулелерінің көмегімен жарамды етуге яғни іске асыруға болады.