Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары


Есте сақтап қалу сурет әдістері



бет10/20
Дата19.01.2023
өлшемі19,7 Mb.
#165876
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Криминалистика - альбом 1

Есте сақтап қалу сурет әдістері.
Есте сақтап қалу сурет әдісінің мақсатына тоқталсақ, оның криминалистика саласында панорамалық, өлшеуші, репродукциялық, белгілеуші, стерео түсіруші, макро суретке түсіру әдістері қолданылады.
а) панорамалық сурет - бұл субъектіні жай фотоаппараттың көмегімен бірнеше өзара байланысты кадрлармен түсіру. Дайын суреттерді ортақтастырып панорамалық әдіспен біріктіреді
ПАНОРАМДЫҚ СУРЕТ

Бұл әдіс кадрға сыймайтын жерлерді түсіру үшін қолданылады.
Панорамалық сурет тіке және көлденең болады.Ол екі тәсілмен жүзеге асады:
1) Шеңберлі. Шеңберлі панорама объектіні бір орында тұрып түсіруді үғындырады. Фотоаппарат тіке немесе көлденең ось бойымен айналып тұрады. Ол суретке белгілі бір жердегі құрылыстар және т.б. объектілер кедергі болмайтын кеңістікті түсіру үшін пайдаланылады.



2) Сызықты. Сызықты панорама фотоаппаратпен объектінің арақашықтығы да, биіктігі де бірдей паралелъ жағдайда жүзеге асады. Бұл әдіс объект белгілі бір ұзындыққа ие немесе ондағы үсақ бөлшектерді шектеулі кеңістікте түсіру үшін қолданылады.



ә) өлшеуші (масштабты) сурет түсіріген суретші объектінің немесе оның бөлшегінің үлкендігінің өлшемі туралы ақпарат алуды қамсыздандырады.



Өлшеуші сурет арнаулы стереометриялық камералардың көмегімен жүзеге асырылады. Ол соттық суретке түсірудің мақсаты мен маңызына байланысты.
Ереже бойынша өлшеуші суретке түсіру әдісі маштабтарды, яғни өлшем 6eлгілepi анық көрсетілген арнаулы сызықтарды, ленталарды, квадраттарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Масштаб объектінің қасына немесе оның үстіне қондырылады. Масштаб түрі (сызғыш, лента, квадрат) объектінің ерекшелігі мен түсіру мақсатына қарай таңдалынады:
-масштабты сызғыш көлемі мен кеңдігіне қарай екі объектілердің жеке алынған көлемінің өлшемін түсіру үшін пайдаланады. Сондықтан сызғаш түсірілетін объекті қасында оның ерекше бөлшектерімен қатар, бір жазықтыққа қойылады;
- ленталық масштаб (немесе терендік) көлемі жағынан белгілі бір мәнге ие жер бөлігі немесе жабық құрылысты терендетілген жерде немесе фотоаппараттан бірақ қашықтықта тұрған сурет арқылы объектілердің өлшемі мен аралық орнықтыған түсіру үшін қолданылады. Тереңдіктің масштабы ретінде тендей ақ-қара, яғни ала түспеі (50 және 100мм) белгіленген мықты қағаз немесе матаның ұзын қиығы пайдаланады;
- квадратты масштаб түсірілген объектінің тек қана тереңдігін емес, сонымен бірге енінің де өлшемін анықтауды сурет бойынша жүзеге асырады. Ол жақтарының 25; немесе 100см және 25; 50 немесе 100 мм бөлігіні өлшеміне қатысты қатты картон қағазының квадрат қиығын сипаттайды. Суретке түсіру барысында түсірілетін алаңның бірнеше масштабты ені мен тереңдігі бойынша орналастыруға болады.
б) Стереосуретке түсіру - сурет көріністегі кеңістікті мөлшерін үш есе үлғайтып алуға бағытталған әдіс.
Стереосуретке түсіру арқылы онымен түсірілге: объектілердің қалпын, өлшемін және аралық орналасуын анықтауға болады.
Жарылыс, өрт және т.б. апаттар сияқты оқиғалар болған жағдайларды суретке түсіру үшін осы әдіс ыңғайлы
Стереосуретке түсіру стереофотоаппарат пен стерео қондырғысы құрылған жай фотоаппаратпен жүзеге асады.
в) Репродукциялық сурет жұқа объектілердің көшірмесін алу үшін қолданылады.
Бұл фотосурет жай айналық фотоаппаратпен не арнаулы репродукциялық құралдардың кемегімен, не қатысты аспаптарды қолдану арқылы рефлексті немесе контрасты қағазға көшіру жолымен жүзеге асады.
г) Макросуретке түсіру - микроскоптың көмегінсіз майда объектілердің өз көлемімен немесе ұлғайтылған сурет көріністерін алу әдісі.
Ондай сурет үшін ұзартылатын сақиналы, айналы камералар немесе макро қойғъшттар қолданылады.
ғ) Белгі беруші (танушы) суретке түсіру тұлғаларды немесе өліктерді түсіру әдістерінде, оларды танудағы, криминалистикалық тергеу немесе іздестіру мақсатында жүзеге асады.
Суреттің объектісі бас киімсіз және көзілдіріксіз болуы керек. Бас тіке ,көздері ашық, шашы құлағын жаппай-тындай артқа таралуы қажет. Тұлғаны түсірудің екі жолы болады: анфас - қарсы алдынан және оң жақ қырынан профилі. Кей жағдайда қосымша тұғел бойымен бірдей сол жакқ профилі даярланады. Өлікті танушы сурет оның табылған жерінде, мәйітте, кей жағдайларда толық тазаланғаннан кейін түсіріледі. Сурет анфас сол және оң профильдермен жартылай профиль болып, тірі тұлғаларды тусіргенде қолданылатын тәртіп бойынша жасалынады.
БЕЛГІ БЕРУШІ СУРЕТ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет