Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары


Тергеу әрекеттерін жүзеге асыру барысындағы қылмыс іздерін жинау құралдары мен әдістері



бет8/20
Дата19.01.2023
өлшемі19,7 Mb.
#165876
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Криминалистика - альбом 1

Тергеу әрекеттерін жүзеге асыру барысындағы қылмыс іздерін жинау құралдары мен әдістері.
Қылмысты ашу мен тергеу мақсатында карастырылатын объектілердің және олармен байланысты мәселелердін барлығы табылуы, тіркелуі және алынуы тиіс.
Қылмыс іздерінің байқалуы көзге көрінетін, жай көрінетін немесе көрінбейтін қылмыс іздерінің пайда болуымен табылуын болжайды. Олар қолдың, аяқтардың, бұзу құралдарының және т.б. объект іздері болуы мүмкін. Қылмыстық іздерді табу үшін арнаулы іздеуші техникальгқ құралдар пайдаланылады.
Қылмыс іздерін бекіту — бұл олардың із қабылдаушы объектіде бекуін немесе олардың көшірмелерін, фотосуреттерін, жапсырмаларын, арнайы техникалық құралдарды, жапсырма массалары мен басқа да заттарды, химия реактивтерді, материалдарды пайдалану арқылы жасау. Іс жүргізуші көзқарас бойынша тіркеу тергеу әрекетінің хаттамасында қылмыс іздері мен басқа объектілерді сипаттау болып үғындырылады.
Қылмыс және басқа объектілердің іздерін алу олардың қапталуын, процессуалды жабдықталуын және қылмыстық іске катынасын жорамалдайды.
Қылмыс іздерін табу құралдары:
а) жарық түсіруші құралдар - бұл жарық нашар түсетін жерлерде, сонымен бірге қарау мен фотосуретке түсіру мәселелерімен әрекеттеріне сай объектілерге жарық түсіру үшін қолданылатын жарықтың түрлі жасанды көздері.
Жарықтың көзі ретінде тұрмыстық, өндірістік және арнайы жарық құралдары қолданылады (ұзартылтан фото-жарықтар, тұрмыс фонарьлары, электронды фото жарықтар және т.б.).
ә) оптикалық құралдар - бұл көзге көрінбейтін, жай көрінетін немесе немқұрайлы қаралатын заттық дәлелдер мен бөлек бөлшекткерді табу мен қарау үшін қолданылатын, ұлғайтып көрсететін әр түрлі құрал-жабдықтар. Оларға түрлі лупалар, микроскоптар жатады.
б) Іздеуші құралдар темірден жасалынған заттарды, өліктерді, олардың бөлшектерін, бағалы темірлерді, тастарды және т.б.с.с. белгілі бір объектілерді табу үшін арналған. Оларға темір іздеуші, мина іздеуші, магнитті іздеуші, магнитті көтергіш құралдар жатады; ал өліктерді іздеу үшін тепловизорлар, газды анализаторлар қолданылады.
в) химиялық рентген заттарын қалыптасқан биалогиялық іздерді табу үшін пайдаланылады (цианакрылаттар, ацетондағы нингидрин ерітіндісі, азот қышқылды күмістің сулы ерітіндісі және т.б.).
Қылмыс іздерін тіркеу процесі жүзеге асатын әрекеттердің ретімен сипатталады. Ол іздің табылған немесе қалыптасқан жеріне анықтама беруге, оны табу барысындағы жағдайын бағалауға, тіркеу әдістерімен құралдарын таңдауға жағдай туғызады.
Қылмыс іздерін тіркеу құралдары:
а) суреттік құралдар - бұл әр түрлі үлгідегі және фотоқұралдары бар (ұзартушы, жарық фильтрлі және т.б.) фотоаппараттар және бейнекамералар. Сонымен бірге өлшеуші суретке түсіру әдісі (масштабты сызғыш) көп қолданылады. Бекіту құралы ретінде бейне таспаға жазу тәсілі де пайдаланылады.
ә) өлшеу құралдары фиксация объектілерінің сандық сипаты мен өлшемін анықтау үшін қолданылады. Ол үшін сызғыш, рулетка, транспортирлер, штангинциркульдар, микрометрлер, мен бұрыш өлшеушілер, визирлі құралы бар компастар, циркуль-өлшеушілер және т.б.с.с. тұрмыстық және өндірістіх бағыттағы өлшеуші құралдар пайдаланылады.
б) жапсырмалар, көшірмелер дайындау үшін қажетті материалдар көбінесе күпшен басылып қалынған іздерді; алу мен фиксациялау үшін қолданылады (гипс, парафин, жұмсақ металдар, силикон пастасы, каучук және т.б.). Қолдың іздерін алу үшін дактиласкопиялық пленкалар, йодталған трубкалар, түрлі-түсті магнитті ұнтақтар (топаз, рубин, малахит, сапфир, агат) қолданылады. Іздерді табу үшін пайдаланатын химиялық реактивтер олардың тіркелуін де қамсыздандырады.
Іздер мен басқа да заттық дәлелдерді тіркеудің негізгі және міндетті әдісі болып, олардың тергеу әрекетіндегі хаттамада сипат алуы болып табылады. Сипаттама толық, нақты және түсінікті болуы тиіс.
Қылмыс іздерін алу құралы.
Табылған және тіркелген қылмыс іздері міндетті түрде алынуы қажет. Осы мәселені шешу үшін, практикада көбінесе колданылатын әдіс—бұл іздерді олар көрініс беретін объектілермен бірге алу.
Алу, тіркеу сияқты істер бойынша шындықты табу үшін, маңызы бар объектілердің сапасының, құрамының және белгілерінің сақталу мәселесін шешуге икемдейді.
Ішкі істер органдарының практикасында дәлелді табу, тіркеу және алу үшін арналған ғылыми-техникалық құрал жиынтығын қолдану кең таралған. Бұл құралдар жедел іздестіру құжатнамаларында, тергеуші портфельдерінде, жедел іздестіру және тергеу қобдишаларында реттеледі.
Оқиға болған жердегі іздерді қайга зерттеу үшін қозғалмалы арнаулы техникалық құралдармен жабдықталған, әр түрлі іздерді алу мен оларды қайта зерттеуге арналған қриминалистикалық лабораториялар құралған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет