Бұзу құралдарының, аспаптарының, ондірістік механиканың іздері.
Механоскопия - бұл қылмыс құралдарымен, сондай-ақ қылмыс қаруын жасау үшін қолданатын механизмдердің, аспаптардың және әр түрлі жабдықтардың іздерін зерттеуші криминалистикалық трасологияның бөлімі.
Криминалистикада механизмдерге адам қолі күшіне байланысы жоқ, керісінше құрауға және құрал бөлшектерінің ерекше қызметтеріне байланысты құралдар; әрекеттері мен күштері жатады.
Механологиялық іздер адамның физикалық сипаты мен бағанысты және тұлғаның анықталған білімдері, талаптары арқылы көрсетілген.
Белгілі бір тұлғамен байланысты себепті тергеу жағдайды анықтау идентификациялық сараптама зерттеулері арқылы емес, тергеу әрекетін жүргізу арқылы жүзег асырылады.
Қаруды, аспатттарды және механизмдерді диагностикалауда олардың іздері арқылы із белгілерінің қалпы, өлшемі, аралық орнықтығы қолданылады, ал идентификациялаудың зерттеу процесінде - макро және микро құрылымдарының беткі қабаттарын, олардың құрылуын және өлшемін құрайтын жеке белгілерінің қалыптасқан жерін анықтайды.
Механоскопияда қарулар, аспаптар және механизмдер мынандай топтарға жіктеледі:
- кесуші - пышақ, қайшы және т.б;
- шабушы, әрі ұрушы—балта, лом және т.б.;
- аралаушы ара және т.б.;
- тесуші -қол бұрғы.
Әсер ету тәсілі бойынша барлық қарулар мен аспаптарды екі топқа бөлуге болады:
а) механикалық - пышақ, қайшы, әйнек кескіштер, балта, лом, ара, тесуші құрал және т.б;
ә) қыздырушы - темірлерді кесу мен оларды бір-бірімен жалғастырушы газды және электро құралдар.
3. Құралдың, аспаптың немесе механизмнің әсер ету сипатына қарай іздер үш түрге болінеді:
а) салмақ түсіруші іздер - бұзушы құралдардың бұзылған объектілеріндегі ұру (басу, қысу) арқылы пайда болған ізі;
ә) сызылушы (жанасушы) іздер - объект бұрышынан бұзушы құралдың жоғары қарай немесе керісінше қозғалысы арқылы пайда болады;
б) кесу, аралау және тесу іздері - белгілі бір объектші кесу, аралау немесе тесу арқылы, оны ашу немесе бұзу кезінде пайда болады.
Қарулармен, аспаптармен немесе механизмдермен пайда болған іздердің жіктелуі жалпы трасологиялық топталуға сәйкес келеді.
Іздер мынандай болады:
- көлемді;
- беткі қабатты;
- Динамикалық -қозғалысты;
- статистикалық-орныққан.