Физикалық География



бет64/86
Дата16.09.2022
өлшемі174,85 Kb.
#149783
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86
Байланысты:
АБЗЕРОВ ГЕОГРАФИЯ ТОЛЫҚ НҰСҚА

Дүниежүзілік шаруашылық

  1. Әлемдегі әр елдің тарихи ұзақ уақыт аралығында қалыптасып, дамыған ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы: Дүниежүзілік шаруашылық

  2. Дүниежүзілік шаруашылықтың түбегейлі қалыптасқан уақыты: ХІХ ғ. аяғы мен ХХғ. басы

  3. Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде, Жапонияда бірінші өнеркәсіптік төңкеріс болды: ХІХ ғасырда

  4. Бірінші өнеркәсіптік төңкеріске жатқызуға болады: тас көмір, болат өндірісі, теміржолдардың дамуы

  5. Дүниежүзілік алғашқы ірі өнеркәсіптік аудандар қалыптасты: Рур (ГФР), Лотарингия (Франция), Пенсильвания (АҚШ), Ланкашир (Ұлыбритания) , т.б.

  6. Екінші өнеркәсіптік төңкеріс болды: ХІХ ғ. Соңы мен ХХ ғасырдың басында

  7. Екінші өнеркәсіптік төңкеріске жатқызуға болады: машина жасау, электр энергетикасының дамуы, химия өнеркәсібінің дамуын

  8. Ең алғашқы СЭС-тар ГФР-дегі Неккар өзенінде, Солтүстік Америкадағы Ниагара өзенінде салынды: ХІХ ғ. соңында

  9. Адамзат тарихындағы ең алғашқы метро пайдалануға берілді: 1863 жылы Лондон қаласында

  10. Ең алғашқы каналдар іске қосылды: Суэц каналы 1869 жылы, Панама каналы 1914 жылы


Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі

  1. Жекелеген елдердің өнімінің белгілі бір түрін өндіруге және қызмет көрсетудің белгілі бір түріне мамандануын атайды: халықаралық географиялық еңбек бөлінісі

  2. Жапонияның халықаралық маманданған саласы: автомобиль жасау

  3. Канаданың халықаралық маманданған саласы: астық шаруашылығы


Ғылыми-техникалық революция

  1. Ғылыми-техникалық революция басталды: ХХ ғ. ІІ жартысында

  2. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) дегеніміз: қысқа уақыт аралығында ғылым мен техниканың даму нәтижесінде қоғамның дамудың жаңа сатысына көтерілуіне себепші болған төңкеріс

  3. ҒТР-дың ХІХ ғ. жетістігі: бу машиналары

  4. ХХғ. 50 жылдарындағы ҒТР-дың символы: электронды есептеуші машина, ғарыш кемесі, атом бомбасы, теледидар

  5. Дамыған елдерде ҒТР-дың қазіргі тармағы дүниеге келді: ХХғ. 80-90 жылдарында

  6. ҒТР-дың 4 құрамдас бөлігі: техника мен технология, өндіріс, басқару, ғылым

  7. Ғылыми қызметкерлер мен ғылыми-зерттеу институтының саны жөнінен көзге түстетін елдер: АҚШ, Жапония, ГФР

  8. Ғылымды көп қажет ететін өнімдерді сыртқа шығарудан басымдылыққа ие елдер: АҚШ, Жапония, Ресей, Болгария, Франция, т.б.

  9. ҒТР-дың негізгі белгілері: 1. Мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптардың жоғарлығы, 2. Өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет