Физикалық География


Халықтардың тілдік құрамы



бет60/86
Дата16.09.2022
өлшемі174,85 Kb.
#149783
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86
Байланысты:
АБЗЕРОВ ГЕОГРАФИЯ ТОЛЫҚ НҰСҚА

Халықтардың тілдік құрамы

  1. Кез келген ұлттың негізгі белгілерінің бірі: тіл

  2. Дүние жүзіндегі тілдерді топтастырады: 20 тілдік семьяға, 45-тен астам тіл тобына

  3. Ең көп таралған тілдік семья: үнді-еуропалық тіл семьясы

  4. Әлем халқының басым бөлігі қандай тіл семьяларының тіл топтарында сөйлейді: үнді еуропалық (40%), қытай-тибет (20%), нигер-кордофан (8%), афроазиялық (7%)

  5. Дүние жүзіндегі кең таралған тілдерге жатады: қытай тілі, испан тілі, ағылшын тілі, бенгал тілі, хинди тілі, араб тілі, португал тілі, орыс тілі, жапон тілі, неміс тілі

  6. Халық ең көп сөйлейтін тіл: қытай тілі (1 млрд 223 млн адам)

  7. БҰҰ-ның жұмыс тілдері, кең тараған 6 тіл: ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай

  8. Әлемде ешқандай тілдік семьяға, тілдік топқа жатпайтын оқшау тілдер: жапон, корей тілдері

  9. Мемлекетте басқа ірі этностар саны басым болған жағдайда қос тілдік орын алады, оны атайды: билингвизмм (Мысалы, Канада – ағылшын, француз)

  10. Африканың бұрынғы отарлардан қалған мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болған тілдері: 21 елінде француз, 19 елінде ағылшын тілі, 5 елінде португал тілі

  11. Этнолингвистердің айтуынша бүгінгі күні бір-бір адамнан сөйлейтін өкіл ғана қалған: 20 тілде

  12. Эскимос тіл тобына жататын эяк тілінде сөйлейді: апалы-сіңілі екі адам


Тілдік семьялары
Дүниежүзілік діндер

  1. Дін өзінің кең таралуы мен маңызына қарай бөлінеді: әлемдік дін және ұлттық дін

  2. Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін: Ислам діні, Христиан діні, Буддизм


Христиан діні

  1. Христиан діні пайда болды: 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде

  2. Христиан дінінің 3 тармағы бар: католик, протестант, православие

  3. Христиан дінін Ұстанушылардың жартысынан астамы: католиктер

  4. Католиктер көп таралған: Еуропаның оңтүстігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада, Филиппинде

  5. Католиктік шіркеулердің басшысы: рим папасы

  6. Дүние жүзі католиктерінің жиналатын жері: Ватикан

  7. XVІ ғасырда Еуропада Рим папасының басшылығынан бас тартқан – діни ағымның жаңа өкілдері: протестанттар

  8. Көптеген шіркеулер мен ағымдардан, секталардан тұратын протестантизм таралған аймақтар: Солтүстік Еуропа, Ұлыбритания, Германия және Солтүстік Америка

  9. Христиандардың 1/10-і: православие тармағының өкілдері

  10. Бір-біріне тәуелсіз жеке шіркеулерге қарайды және әр шіркеуді өзінің патриархы басқарады: православиялық шіркеулерде

  11. Православие тармағын ұстанушылар кең таралған: Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде Ресейде

  12. Дүние жүзі бойынша әлемдік діндер ішінде христиан дінін ұстанушылар саны бойынша: біріншілікке ие




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет