Қоныстанудың негізгі түрлері Қала және ауыл халқа Кенттену (урбандалу) түсінігі Елді мекендердің негізгі екі түрі: Ауылдар мен қалалар
Қала аталуға көп әсер ететін белгі: халық саны
Жапонияда елді-мекеннің қала атануы үшін: халық саны 30 мыңнан асуы керек
Ресейде елді-мекеннің қала атану үшін халық саны: 12 мыңнан асу керек
Қытайда елді-мекеннің қала атану үшін халық саны: 100 мыңнан асу керек
АҚШ-та елді-мекеннің қала атану үшін халық саны: 2,5 мыңнан асу керек
Кенттену (урбандалу) дегеніміз: қалалардың саны мен қала халқының санының өсуін айтады
Субурбандалу (рербандалу) дегеніміз: қала халқының әр түрлі себептерге байланысты қала маңындағы елді-мекендерге қоныс аударуы
Урбандалудың дүние жүзі елдеріне тәне 3 белгісі бар: 1. Қала халқы санының жылдам өсуі, 2. Өндіріс орындарының көпшілігінің қалаларда шоғырлануы, 3. Қала маңындағы елді мекендердің қосылуынан қалалық агломерациялардың түзілуі
Агломерация дегеніміз: ірі қалалар маңына орта және ұсақ елді мекендердің шоғырлануы
Дүние жүзіндегі ірі қалалық агломерация: Токио (27,9 млн адам), Мехико (18,1 млн адам), Бомбей (18 млн адам ), Сан-Паулу (17,7 млн адам ), Нью-Йорк ( 16,6 млн адам)
Қазақстандағы ең ірі агломерация болып саналады: Қарағанды-Теміртау агломерациясы
Көршілес агломерациялардың бір-бірімен бірігіп, қосылуынан қалалардың орасан шоғыры қалыптасады: мегаполистер
Урбандалу құбылысының ең жоғарғы сатысы: мегаполистер
Әлемдегі ірі мегаполистер: Үлкен Мехико, АҚШ-тың «Босваш» (Бостон қаласынан Вашингтонға дейін) 40 млн адамды қамтиды, Жапон мегаполисін (Токайдо) 60 млн адамды қамтиды
Жер шары халқының қала тұратыны: 49%
1999 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы урбандалу деңгейі: 56%
2005 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы урбандалу деңгейі: 57%
Ауылдардың 90%-дан астамы: дамушы елдерде
Ауыл халқының саны мен ауылдардың саны жөнінен 1 орында: Азия аймағы
Дүние жүзі бойынша ауыл халқанаң үлесі: 51%
Ауыл халқының саны жөнінен: 1 орында – Қытай (838 млн адам), 2 орында – Үндістан (720 млн адам), 3 орында – Индонезия (127 млн адам)