Физикалық география


Географиядағы бірігу (интеграция)



бет2/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Географиядағы бірігу (интеграция). Бірігу (интеграция) тәрізді үдеріс бір компонетті бірнеше географиялық ғылымдардың зерттеу мүмкіндігіне байланысты пайда болды. Мысалы, ландшафттанушыға тектоникалық құрылымдар (геотектоника), күн райы (метеология), климат (климатология), өсімдіктер мен жануарлар (биогеография), топырақ (топырақ географиясы), су (құрлық гидрологиясы, океанология, метеорология және климатология) туралы білімдер бірдей дәрежеде қажет. Ландшафттану әртүрлі дәрежедегі табиғи-аумақтық кешендерді зерттейді.
Атақты ғалым В.И. Вернадский жақын уақытта ғылымдар зерттеу нысандарына қарай бөлінбейді, зерттейтін проблемаларына байланысты
бірлеседі деп санады.
Бірігу (интеграция) келесі себептер бойынша күшейіді:
1. Биогеография мен биологияның арасындағы
сияқты, бір ғылымнан екіншісіне өту шегарасы жойылады.
2. Ғылымдардың зерттейтін ортақ нысаны болуы мүмкін. Мысалы, метеорология мен климатология табиғаттың бірдей компоненттерін зертиейді: этногеография және демографиялық нақты аумақтың тұрғындарын зерттейді.
3. Бір ғылымның зерттеу әдістерін басқа ғылымда қолдануға болады. Мысалы, физикалық-географиялық аудандастыру қағидалары қоғамдық географияда да қолданылуда.
4. Ғылымдар толығымен бірлесуінен геоэкология, геоэкономика, геосаясат сияқты жаңа ғылыми пәндер пайда болуда. Бірігуді ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі бірігу барысында географиялық ғылымдар бір-бірімен бірлеседі. Сыртқы бірігуде - география географиялық емес ғылыми бағыттармен түйіседі.
Географияның барлық салалары барлық адамзат қоғамын қамтитын проблемаларды шешуге бағытталған. Оларға келесі проблемалар
жатады:

  • бейбітшілік пен қарусыздандыру проблемасы;

  • экологиялық;

  • демографиялық;

  • энергетикалық;

  • шикізаттық;

  • азық-түліктік;

  • Дүниежүзілік мұхит ресурстарын пайдалану;

  • ғарышты бейбіт мақсатта игеру;

  • дамушы елдердің артта қалушылығын жою.




Кез келген зерттеушіге қажетті дағды - бұл деректердің ауқымын сызба түрінде, яғни визуалды формада көрсете білу біліктілігі. Визуалдау – бұл көзге көрінбейтінді көрсету дағдысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет