Картографиялық әдіс. Картографиялық әдіс – бұл карталарда
бейнеленген құбылыстарды тану үшін оларды қолдану әдісі. Картографиялық әдіс өзінің құрамына өзара байланысты екі тәсілді қамтиды:
Модельдеу әдісі. Модель – бұл зерттеудің таңдап алынған мақсаты үшін неғұрлым маңызды сапасын және қасиеттерін айқындайтын, үдеріс немесе құбылыс туралы қарапайым түсінік беретін, жасанды жолмен құрастырылған нысан. Модельдеу– бұл нысандарды, үдерістерді немесе құбылыстарды зерделеуге және зерттеуге арналған модельдер құрастыру.
Нысан үшін құрастырылатын модель түпнұсқа немесе прототип
деп аталады.
Географияда сөздік, картографиялық, құрылымдық, графикалық,
математикалық, материалдық деген сияқты негізгі модельдер бар. Құрама моделдер: математикалық-картографиялық, математикалық-графикалық және басқалар.
1. Сөздік модельдер тіл құралдарының көмегімен аумақтық кешендерді сипаттауды білдіреді. Оны ұстауға болмайды, оның материалдық түрі
жоқ, ол тек ақпараттан құрастырылады.
2. Картографиялық модельдер– бұл белгілі мазмұны және қолдану аясы бар географиялық карталар.
3. Құрылымдық модельдер (сызбалар) жүйенің элементтерін, жүйе
ішіндегі элементтер арасындағы байланысты және белгілі элементтердің қоршаған ортамен байланыстарын көрсетеді.
4. Графикалық модель геометриялық фигура, шартты белгі, әріп және цифрлардың көмегімен нысанның көлемін, формасын, түсін, құрамын және құрылысын сипаттайды. Оларға сызбанұсқалар, графиктер, сызбалар, бағандар, фотосуреттер және басқалар жатады. Карта да графикалық модельге жатады, бірақ оның географиядағы алатын айрықша орнына байланысты ол жеке дара қарастырылады.
5.Математикалық модельдер нысан, құбылыс немесе үдерістерді формуланың көмегімен абстрактілі сипаттауды білдіреді.
6. Материалдық модель – бұл табиғи нысандар мен құбылыстардың материалдық көшірмелері. Олар қашанда нақты түрде көрсетіледі, түпнұсқа-нысанның сыртқы қасиеттерін немесе ішкі құрылысын, не әрекеттерін жаңғыртады. Мысалы: глобус – Жер шары формасының моделі. Материалдық модельдеу танымның эксперименталдық (тәжіри-белік) әдісін қолданады.
7 сурет. Географиядағы модельдер.
Достарыңызбен бөлісу: |