Физикалық география



бет42/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Тропиктік ылғалды орман(Оңтүстік Флорида, Вест-Индия, Орталық Америка, Мадагаскар, Шығыс Аустралия) айтарлықтай дәрежеде жыртылған және плантация ретінде пайдаланылады. Ірі жануарлар жойылған. Батыс Үндістанда, Шығыс Аустралияда, Оңтүстік Америкадағы Парана бассейні мен Оңтүстік Африкада – неғұрлым құрғақ тропиктік саваннамен сирек орман зоналары таралған . Тропиктік белдеудің ең ауқымды зонасы – шөлдер (Сахара, Арабия шөлі, Пәкістан, Орталық Аустралия, Батыс Калифорния, Калахари, Намиб, Атакама). Малтатасты, құмдауытты, тасты және сортаң жерлердің үлкен аумағында шөптесіндер өспейді. Жануарлар әлемі көп емес.
Субэкваторлық ылғалды ормандар Ганг аңғарында, Орталық Африканың оңтүстік бөлігінде, Гвинея шығанағының солтүстік жағалауында, Солтүстік Аустралияда және Мұхит аралдарында шоғырланған. Саванналар таралған аумақтар (Оңтүстік-Шығыс Бразилия, Орталық және Шығыс Африка, Солтүстік Аустралияның, Үндістанның және Үндіқытайдың орталық аудандары). Субэкваторлық белдеудің жануарлар әлемінің өкілдері – күйіс қайыратын жұптұяқтылар, жыртқыштар, кеміргіштер, құрт-құмырсқа.
Экваторлық белдеуде орналасқандар (Амазонка бассейні, Орталық Африка, Индонезия). Жауын-шашынның молдығы мен жоғары температура экваторлық белдеуде мәңгі жасыл ылғалды орманның(Оңтүстік Америкада мұндай орман гилея деп аталады) таралуына мүмкіндік туғызады. Экваторлық белдеу – жануарлар мен өсімдік түрлерінен алдыңғы орында.
Биіктік белдеулігі – бұл теңіз деңгейінен биіктігі артқан сайын таудағы табиғи ландшафттар мен жағдайлардың алмасуы. Әр 1 км-ге көтерілген сайын, температура орташа алғанда 6°С-қа төмендейді.
Мәңгі қар белдеуі – мұздықтар мен мәңгі қар белдеуі, таудағы ең жоғарғы зона. Мәңгі қар белдеуінің биіктігі 6500 м-ге жетеді (Анд және Орталық Азия), Арктика мен Антарктидада Дүниежүзілік мұхиттың деңгейіне жеткен соң, біртіндеп төмендейді. Белдеуде балдыр лар мен қыналардың кейбір түрлері тіршілік етеді және құстардың, кеміргіштер мен жәндіктердің аздаған түрі кездеседі.
Таулы-тундра белдеуі мәңгі қар және альпі белдеулерінің арасында орналасқан. Таулы-тундра белдеуіне қытымыр қыс пен ұзаққа созылмайтын салқын жаз тән. Өсімдіктерден мүктердің, бұталар мен қыналардың алуан түрін кездестіруге болады.
Альпі белдеуі – бұл ормандар мен қисық ағашты ормандар шегінен жоғары, биік таулы белдеу. Тасты сусымалар мұнда бұталармен алмасып отырады.
Субальпілік белдеу (таулы-шалғынды) – субальпі шалғыны сирек ормандармен алмасып отыратын зона. Мұнда биік шөптер мен аласа бұталар, тұнық орман мен жатаған шөптер шалғыны өседі.
Таулы-орманды белдеу – ең ылғалды белдеу, мұнда орман ландшафтысы басым болады.
Шөл-дала белдеуі – бұл құрғақ климатты шөл мен дала белдеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет