С фералық абберация. Параксиальді сәулелерге қарағанда оптикалық өсьтен алысырақ орналасқан сәулелердің S//фокусы, параксиал сәулелердің S' фокусынан жақынырақ орналасады. 13.6-сурет. Осының әсерінен жарқырауық нүктенің кескіні көмескі дөңгелекше болып көрінеді.
Сфералық аберрацияны астигматизмнің дербес жағдайы ретінде қарауға болады.
13.6-сурет.
К ома. Оптикалық осьте орналаспаған нүктелік жарық көзінен үлкен (кең) жарық шоғы оптикалық жүйе арқылы өтсе, онда алған нүктелік кескін пішіні бұзылады. Жарықталған дақ түрінде (13.7-сурет) көрінеді.