Электр өрістерінің суперпозиция принципі: зарядтар жүйесінің өріс кернеулігі жүйеге кіретін жеке зарядтардың өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең:
. (9.5)
Егер нүктелік зарядтың электростатикалық өрісінде 1-ші нүктеден 2-шіге күштік сызықтың бойымен басқа нүктелік заряд орын ауыстырса, зарядқа әсер етуші күш жұмыс атқарады.
элементар орын ауыстыруындағы күшінің атқаратын жұмысы
Сонда зарядты 1-ші нүктеден 2-шіге орын ауыстырғандағы атқарылатын
(9.6)
өріс күштерінің жұмысы жолдың траекториясына тәуелсіз болады да, бастапқы 1 және соңғы 2 нүктелердің орындарымен ғана анықталады. Бұл қорытынды кез келген электростатикалық өріс үшін орындалады. Демек, электростатикалық өріс потенциалды өріс болып табылады. Күштің потенциалдық өрісінде орналасқан дене потенциалдық энергияға ие болады да, соның есебінен өріс күштері жұмыс атқарады.
Өріс күштерінің атқаратын жұмысы потенциалдық энергияның кемуіне тең: . Демек, зарядының электр өрісінде орналасқан зарядының иеленетін потенциалдық энергиясы: . Константаның мәні зарядты шексіздікке алыстатқанда (яғни, ), оның потенциалдық энергиясы нөлге тең болатындай етіп таңдап алынады. Бұл жағдайда . Өрістің берілген нүктесіндегі өріс потенциалы деп аталатын
(9.7)
скалярлық шама, кернеулік векторымен қоса, электр өрісін сипаттау үшін пайдаланылады. Сонда зарядты 1-ші нүктеден 2-шіге орын оуыстырғандағы электростатикалық өріс күштерінің атқаратын жұмысын мына түрде жазуға болады .
Электростатикалық өрістің 1 және 2 нүктелерінің потенциалдар айырмасы бірлік оң зарядты 1-ші нүктеден 2-шіге орын ауыстырғандағы өріс күштерінің атқаратын жұмысына тең:
(9.8)
Потенциалдың өлшем бірлігі – вольт (В): 1Кл зарядтың 1Дж потенциалдық энергияны иеленетін өріс нүктесінің потенциалы 1В-қа тең деп алынады.