«Физиканың таңдаулы тараулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ПӘн глоссарийі физика



бет48/100
Дата08.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#120036
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   100
Байланысты:
Физика, таңдаулы тараулар. Лекция кешен

Кернеулік сызықтары деп әр нүктесінде жүргізілген жанамалары өрістің сол нүктесіндегі кернеулік векторымен бағыттас болатындай етіп жүргізілген сызықтарды атайды. Кернеулік сызықтарын оларға перпендикуляр орналасқан бірлік бет арқылы өтетін сызықтар саны сол жердегі өріс кернеулігінің модуліне тең (немесе пропорционал) болатындай қоюлықпен жүргізеді. Электростатикалық өрістің кернеулік сызықтары зарадтан басталып шексіздікке кетеді (оң заряд үшін), немесе, шексіздіктен келіп зарядта аяқталады (теріс заряд үшін).
Егер өрістің кез келген нүктесінде кернеулік векторының модулі және бағыты бірдей болса , ондай өріс біртекті деп аталады. Біртекті өрістің кернеулік сызықтары біркелкі қоюлықпен жүргізілген өзара параллель сызықтар болып табылады.
Кернулігі біртекті электр өрісінде орналасқан жазық бет арқылы өтетін кернеулік векторының ағыны деп
(9.12)
скалярлық шаманы атайды. Мұндағы - кернеулік векторымен бетке жүргізілген нормаль арасындағы бұрыш, - векторының нормальға түсірілген проекциясы.
Біртекті емес өрісте орналасқан кез-келген аудан арқылы өтетін кернеулік векторының ағыны мынаған тең
(9.13)
Макроскопиялық зарядтарды қарастырғанда олардың дискретті (үздікті) құрылымына көңіл аудармайды да, оларды кеңістіктің әр нүктесінде шектелген тығыздықпен үздіксіз түрде таралады деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет