Жалпыфизика курсы мынандай бөлімдерден тұрады: механика, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, тербелістер мен толқындар, оптика, кванттық және ядролық физика.
Физиканың эксперименталдық және теориялық әдістері. Физика – тәжірибелі ғылым; оның негізгі мәліметтері тәжірибеден және эксперимент нәтижелерінен алынады, бірақ теориялық сараптаусыз белгісіз заңдылықтарды зерттеу, тағайындау мүмкін емес.
Физикалық заңдар. Табиғаттағы барлық процестер мен құбылыстар бір-бірімен байланыста өтеді. Ғалымдар бақылаулар мен тәжірибелер негізінде әр түрлі шамалардың арасындағы өзгерістердің байланысын зерттейді. Экспериментальдық фактілерді жалпылау нәтижесінде тұрақты қайталанатын объективті заңдылықтар, физикалық заңдар тұжырымдалады.