1.МАТЕРИАЛДЫҚ НҮКТЕ КИНЕМАТИКАСЫ Механика – физиканың бөлімі, механикалық қозғалыстың себептері заңдылықтары қарастырылады. Механикалық қозғалыс механизмдер мен машиналардың транспорт қозғалысының негізі.
Физикалық әлемнің негізгі модельдері: 1) классикалық механика; 2) релятивистік механика; 3) кванттық механика. Классикалық механикада жылдамдықтары жарық жылдамдығынан көп есе аз макроскопиялық денелер қозғалысы қарастырылады. Релятивистік механикада жарық жылдамдығына жуық денелер қозғалысы, кванттық механика атомдар мен элементер бөлшектер қозғалыс заңдарын қарастырады.