Бүйрек артериялары Шумлянский-Боумен капсуласына кірерде ұсақ тамырларға тарамдалып, капсула ішінде капиллярлы тор түзеді, ол Мальпигий шумағы.
Бұл капиллярлардағы қан қысымы 44-47 мм сын. бағ. тең болады. Себебі, бүйрек артериясы (іш) құрсақ қолқасынан бірден басталады және қолқа мен шумақ арасындағы жол салыстырмалы түрде қысқа.
Қанды капсуладан алып кететін қан тамырларының диаметрі қанды әкелетін тамыр диаметрінен жіңішке, бұл да шумақтағы қысымды арттырады.
Қанды алып кететін тамыр қайтадан екінші ретті капиллярларға ыдырап түтікшелер жүйесін қоршап тұрады.
Сонымен, түтікшелер шумақта сүзілген қанмен жуылып отырады. Олардағы қан қысымы шамамен 20-40 мм сын. бағ. тең.
Қан түтікшелі капиллярдан өткен соң ұсақ веналарға жиналады да, олар қосылып доғалы веналарды құрайды. Онан ары бірігіп бүйрек венасын түзіп, ол төменгі қуысты венаға жалғасады.