Өкпелер арқылы: организмнен ұшуға қабілеті бар заттар, мысалы, жансыздандыру кезіндегі эфир мен хлороформ булары, алкоголь буы шығарылады. Өкпелер көмегімен ағзадан көміртегінің қос тотығы мен су буы шығарылады.
Асқорыту бездері мен асқазан-ішек жолының шырышты қабығы организмнен кейбір ауыр металлдарды, дәрілік заттардың бірқатарын (морфий, хинин, салицилаттар), бөгде органикалық қосылыстарды (мысалы, бояулар) шығара алады.