Бүйрек қыртысында шумақтардың орналасу ретіне байланысты, түтікшелердің құрылысы мен қанмен қамтамасыз етілуіне байланысты үш түрлі нефрондарды ажыратады:
Интракортикалды – ең көп көлемде (60-70 %) кездесетін нефрондар, олардың шумақтары бүйрек қыртысының ортаңғы бөлімінде орналасады, негізгі зәр ультрафильтрациясын жүзеге асыруда негізгі ролді атқарады.
Юкстамедуллярлы – нефрондар (10-15 %) шумақтары бүйректің милы және қыртысты бөлімдерінің шекарасында орналасқан, әкелетін және әкететін артериолалардың диаметрлері бірдей, олар бүйректің ішкі милы затына түсетін ұзын Генле ілмектеріне ие, эфферентті артериола өзекше маңы капиллярлар торына бөлінбейді. Олар зәрдің түзілуінде маңызды рөл атқармайды, бірақ физикалық жүктеме кезінде бүйректегі қанды жылдам қайта бөлу үшін қажет.