Адам түйсігі – сезім мүшелеріне тітіркендіргіш әсер етуі нәтижесінде, жоғары дәрежелі ми қыртысы функциялары механизмімен байланысты, туындайтын адам санасының бір бөлігі. Түйсік туындау үшін ішкі немесе сыртқы ортаның өзгерісін ағза қабылдауы тиіс. Сезіну негізінде түйсік қалыптасады.
Талдағыштар немесе сенсорлы жүйелер – көптеген арнайы қабылдағыштар – рецепторлардан және аралық, орталық жұйке жасушалары мен оларды жалғастырып тұратын жүйке талшықтарынан тұратын жүйке жүйесінің бөлігі. Талдағыштар ақпаратты миға жеткізіп және оны талдайтын жүйе.

Кез-келген талдағыштар жұмысы мидан тыс физикалық және химиялық энергияны рецепторлардың қабылдауымен, оларды жүйке сигналдарына айналдырумен және оларды миға көп қабатты жүйке тізбектері арқылы жеткізумен басталады.
Сезім ағзалары организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады.
Сезім ағзалары организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады.