Нейрон: негізгі бөлімдері (дендриттер, денесі, аксон) және олардың
сипаттамасы. Нейронның функциялары. Глияльды клеткакалар, типтері, және рөлі.
Нйрон - орталық жүйке жүйесінің құрылымы мен функционалдық бірлігі болып табылады. Ол сомадан (ядросы бар жасушаның денесі) және өсінділерден, яғни көп
мөлшердегі дендриттер пен бір аксоннан тұрады. Адамның орталық жүйке жүйесінде
арасында өзара арақатынас көптеген синапстар арқылы жүзеге асырылатын 100 млрд.- тан астам жүйке жасушалары бар. Нерв жасушалары орталық жүйке жүйесінен тыс та орналасады. Мысалы, вегетативті нерв жүйесінің ганглия нейрондары, жұлын ганглийлерінің афферентті нейрондары мен бас сүйек нервтерінің ганглийлері.
Дегенмен, перифериялық жүйке жасушалары орталыққа қарағанда аз-тек 25млн. Нейрон денелерінің жиынтығы мидың сұр затын, ал өсінділерді ақ затты құрайды. Әрбір нейронның сомасы мен дендриті басқа жүйке жасушаларының синаптикалық бутондарымен және глиальді жасушаларының өсінділерімен жабылған. Бір
мотонейронда синаптикалық бутондар саны 10-20 мыңға жетуі мүмкін.
Өлген нейрон қалпына келмейді және табиғи азаюға тап болады. Дендриттер
импульсты денеге өткізеді және олар кейбір нейрондарда жалғыз, оншақты немесе
мүлде болмауы мүмкін. Аксон – әрқашан жалғыз болады және ол ең ұзын өсінді(1мм- 1,5м). Бұл импульсты нейрон денесінен келесі нейронның денесіне өткізеді. Айта
кетерлік жайт, нейрондар импульсты тек бір бағытта өткізеді. Импульс өткізу мысалы: дендрит-дене-аксон-келесі нейрон аксон\дендрит.
Нейронның негізгі функциялары-ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау, сигналды басқа
жасушаларға беру, ағзаның әртүрлі мүшелері мен тіндерінің жасушаларының қызметін реттеу. Нейронның жекелеген құрылымдық элементтері белгілі бір функцияларды орындайды. Нейрон денесінде макромолекулалар синтезделеді, ол аксон және дендрит бойынша тасымалданады, ол өз өсінділері мен әсер етуші жасушаларына қатысты трофикалық функцияны орындайды. Нейрон сомасымен байланысы үзілген өсінділер жойылады.
Біздің денеміз көптеген міндеттерді орындайды және барлық жүйке жүйесі арқылы мидан келе жатқан ақпараттың үлкен көлемін өңдейді. Осының салдарынан, жүйке жүйесі қарқынды жұмыс жасау үшін, нейрондардың маманданған түрлері қажет
болады. Сол себепті, нейрондардың негізгі функциясы - ақпаратты алу және беру болып табылатынына қарамастан, одан да басқа нейрон типтері бар.
Нейрон функциялары:
Моторлы немесе эфферентті: орталық жүйке жүйесінен бұлшық етке немесе бездерге электрленген импульстер түріндегі ақпаратты беруге жауап береді.
Сезімтал немесе афферентті: миымызды сыртқы әлеммен байланыстыратын
нейрондар. Бұл түрлі ауырсыну, қысым, температура сияқты сезімдерден ақпарат алатын нейрондар.
Аралық/интеркалярлы немесе ассоциативті нейрондар: афференттік және эфференттік нейрондар арасындағы коммуникацияны қамтамасыз ететін нейрондар.
Нейрондардың құрылысы мен физиологиялық қасиеттері орындалатын
функцияларымен тығыз байланысты. Мысалы, үлкен жарты шарлар қабығының
ассоциативті нейрондарында өте күшті бұтақтанған дендриттерінде көп шипиктері бар.
Оларға қарағанда, жұлын нейрондарында (мотонейрондар), мишық және үлкен жарты шарлар қабығының пирамидалық нейрондарында ірі дене, ұзын аксондары және жақсы дамыған синаптикалық аппараты бар.
Нейрон сигналдарды түрлендіргіш ретінде де жұмыс істейді: ол көптеген стимулдарды жинақтайды және осы негізде өз жауабын қалыптастырады. Нейрон, әдетте, бір
импульс емес, белгілі бір жиілікпен және біркелкілік дәрежесімен аксон бойынша бірнеше импульстерден тұратын серияны генерациялайды. Мұндай жиіліктік түрлендіру-нерв жүйесіндегі ақпаратты кодтаудың негізгі тәсілдерінің бірі.
Барлық глиялды жасушаларының жалпы функциялары және шығу тегі бір (микроглийді қоспағанда). Олар нерв импульстерін генерациялау және беру үшін жағдайларды
қамтамасыз ете отырып, нейронның метаболикалық процестерінің бір бөлігін жүзеге асырады. Нейроглия ОЖЖ-нің 40 пайызын құрайды. Ол тірек, қорғаныш, барьерлік және трофикалық қызмет атқарады. Глиялді жасушалардың типтері:
Микроглиальды жасушалар, "глия" ұғымына енсе де, жүйке тіні болып
саналмайды, себебі шығу тегі мезодермалді болып келеді. Олар мидың ақ және сұр затында шашыраған, фагоцитозға қабілетті, ұсақ өсінді жасушалар болып келеді.
Макроглия-глиобластардың туындысы, тірек, барьерлік, трофикалық және секреторлық функцияларды орындайды.
Эпидермальды жасушалар (кейбір ғалымдар оларды глиядан бөліп алады, кейбіреулері — макроглияға жатқызады) бір қабатты эпителийге ұқсайды, базальды мембранада орналасадыжәне кубтық немесе призмалық формаға ұқсайды.
Олидендроциттер-олардың орналасуына байланысты 1-5 әлсіз бұтақты өскіндері бар полигоналды ірі жасушалар.
Астроциттер-көптеген бұталы өсінділері бар шағын жасушалар.
Достарыңызбен бөлісу: |