7). Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары.
Конвергенция құбылысы- орталық нерв жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алуы. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де ,күшеюі де мүмкін.Әлсіреу кезінде,екі афференттік талшық арқылы бір уақытта нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену кезі- осыған кері құбылыс.
8). Оттегі жетіспеушілігіне жоғары сезгіштік.
Оттегі мөлшерінің қажеттілігі адамда өте жоғары. Адам миы әр минут сайын шамамен 40-50 мл, оттегін сініреді. Бұл тыныштық күйдегі бүкіл организм пайдаланатын оттегінің 6/1-1/8-і. Оттегіне қажеттіліктің осынша жоғарылығынан оның жетіспеушілігін де нерв жасушалары тез сезеді.
9). Химиялық заттардың орталық нерв жүйесіне спецификалық әсер ететіндігі. Нерв жасушалары мен синапстар әр түрлі химиялық заттар әсерін кез келген жағдайда сезе алады.
Қозу ырғағының өзгеруі - орталықтың кірісіне келіп түскен импульстар санына қатысты шығудағы орталық нейрондарда пайда болатын импульстар санының өзгеруі. Қозу ырғағының өзгеруі жоғарылау және төмендеу бағытында да мүмкін, өйткені нейронды қоздыру үшін афферентті импульстардың ағыны қажет болады.
83. ОНЖ функцияларының зерттеу әдістері. Электроэнцефалография, шақырылған потенциалдар, олардың жүргізілуі.
Орталық нерв жүйесі- жүйке жасушаларының немесе нейрондарының жиынтығы.
I.Электроэнцефалография
Электроэнцефалография (ЭЭГ)- Мидың қызмет ету жағдайын зерттейді.
ЭЭГ тіркеу кезінде екі түрлі әдістер қолданылады:
биполярлы - екі электрод бастың терісінің электр белсенді нүктелеріне қойылады. ЭЭГ екі электрлік белсенді нүктелерінің өзара әрекет етуі тіркеледі;
монополярлы - бірінші электродты электірлік бейтарап саналатын нүктесіне қоямыз, ал екіншісі бас терісінің электірлік белсенді нүктесіне қойылады;
ЭЭГ процедурасы мүлдем ауыртпайды, денсаулық үшін зиян емес.Өте оңай жүргізіледі. . Процедура 20 минут болады. Зерттеу алдында науқасты ыңғайлы етіп арнайы орындыққа отырғызады. Басына кішкентай электродтарды орналастырады, олар электроэнцефалографпен проводтар арқылы қосылып тұрады. Аппарат бірнеше мың есе биопотенциалдарды күшейтуге мүмкіндік береді, датчикпен тасымалданып, ақпарат комьютерге жазылып тұрады. Науқасқа ешқандай дайындық керек емес,өте оңай жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |