Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)


) Нерв орталықтарының шаршауы



бет60/72
Дата08.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#190192
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
физиология
ФАРМ-Окончательный-перечень-вступительных-экзаменов-22.05.2017-г-казахский-вар.
6) Нерв орталықтарының шаршауы.
Нерв талшықтарына қарағанда нерв орталықтары тез шаршайды. Сондықтан да афферентік нерв талшықтарын ұзақ тітіркендіруден бастапқы кезде рефлекторлық акт біртіндеп әлсіреп, ақырында тоқтайды.
7). Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары.
Конвергенция құбылысы- орталық нерв жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алуы. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де ,күшеюі де мүмкін.Әлсіреу кезінде,екі афференттік талшық арқылы бір уақытта нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену кезі- осыған кері құбылыс.
8). Оттегі жетіспеушілігіне жоғары сезгіштік.
Оттегі мөлшерінің қажеттілігі адамда өте жоғары. Адам миы әр минут сайын шамамен 40-50 мл, оттегін сініреді. Бұл тыныштық күйдегі бүкіл организм пайдаланатын оттегінің 6/1-1/8-і. Оттегіне қажеттіліктің осынша жоғарылығынан оның жетіспеушілігін де нерв жасушалары тез сезеді.
9). Химиялық заттардың орталық нерв жүйесіне спецификалық әсер ететіндігі. Нерв жасушалары мен синапстар әр түрлі химиялық заттар әсерін кез келген жағдайда сезе алады.


  • Қозу ырғағының өзгеруі - орталықтың кірісіне келіп түскен импульстар санына қатысты шығудағы орталық нейрондарда пайда болатын импульстар санының өзгеруі. Қозу ырғағының өзгеруі жоғарылау және төмендеу бағытында да мүмкін, өйткені нейронды қоздыру үшін афферентті импульстардың ағыны қажет болады.


85. Шартты рефлекстік тежелуінің қызметі. Шартты тежелу түрлері.
Жоғары жүйке қызметінде екі түрлі тежелу бар:
  1. Шартты-сыртқы;


  2. Шартсыз-ішкі


Шартсыз тежелу – жүйке жүйсінің туа біткен қасиеті. Ол – сыртқы әрекеттердің әсерінен мінездіңбірден өзгеріп,әлсіреуі немесе басылып қалуы. Мұның себебі әртүрлі жаңа тітркендіргіш қабылдау рефлексін туғызады. Егер осы тітіркендіру қайталана берсе, бағдарлы әсерленіс бәсеңдейді және оның шартты рефлексті тежеу әрекеті әлсірейді. Мұндай бөтен тітркендіргішті И.П. Павлов «өшетін тежеу» деп атаған


Шартты тежелу –шартты рефлекс сияқты құрылады. Шартты тежелудің бірнеше ерекшеліктері болады.
1) Ол тітіркендірулер нығайтылмаған жағдайда қалыптасады;
2) Оны жаттықтыруға болады, яғни қайталаған жағдайда, әсіресе жас кездерде, рефлексті жасау жеңілдейді;
3) Шартты тежелудің көріністері жүйке жүйесінің даралама қасиетіне байланысты. Қызба кісілерде, байсалды адамдарға қарағада, шартты тежелу қиын және баяу қалыптасады;
4)Шартты тежелу шартсыз рефлекстің нығайту күшінен тәуелді келеді;
5)Тежелулер өзара әрекеттесіп бірін-бірі күшейтеді.

Шартты тежелудің 4 түрі:


  1. Өшіретін;


  2. Ажырататын;


  3. Шартты тежейтін;


  4. Кешіктіретін






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет