Ақуыз – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал.
Белоктардың маңызды қызметтерінің бірі олар түзу сызықтық РНҚ-дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады.
Ақуыз — күрделі заттардың жай қарапайым заттарға дейін тотығуына қатысатын және жәй заттардан күрделі заттардың түзілуіне қатысатын фермент.
Ақуыз — адам организмін микробтардан, ауру туғызушы агенттерден сақтайтын антидене.
. Актин, миозин сияқты белоктар бірімен-бірі АТФ-тың қатысуымен әрекеттесіп, бұлшықеттердің жиырылуы сияқты қызмет
Көптеген белоктар инсулин, глюкагон, гипофиздің тропты гормондары сыртқы ортаның әсеріне сәйкес, тірі организмдегі процестерді реттеп отырады.
Белоктардың бір тобы – гемоглобин, қан плазмасаның белоктары альбумйн, глобулин тасымалдау қызметін атқарады. Сонымен белоктар тіршілік етудің: ас қорыту, тітіркену» өсу, көбею, қозғалу сияқты барлық құбылыстарына қатысып, тірі организмнің тіршілігінің көзі болып табылады.
Дендегі ақуыз алмасу дәрежесін анықтау үшін бірінші азот тепе-теңдігін тексеру керек.