Арт - терапиялық әдістерді пайдалану нәтижесінде:
• Топта оң әсерлі бетбұрыс жасайды;
• Құрдастарымен, тәрбиешілерімен, басқа да ересек адамдармен қарым-қатынас жасауды жеңілдетеді.
Көркем өнерге бірге қатысу ол өзара қабылдау, эмпатия қарым-қатынасын жасауға мүмкіндік береді;
• Баланың мәдени ұқсастығын арттырады, тілдік кедергіні, жеңіп шығуға мүмкіндік береді;
• Қандай да бір себептермен ауызша талқылауға қиын болып табылатын нақты проблемалардың немесе қиялдардың шешімін табуға мүмкіндік береді;
• Әр түрлі сезімдерді символдық деңгейде пысықтауға, оларды әлеуметтік қолайлы нысанда зерттеуге және көрсетуге мүмкіндік береді;
• Ішкі бақылау сезімін дамытады. АРТ – сабақтары түйсіну мен көру сезімі арқылы эксперимент жасауға жағдай жасайды,
* сенсомоторлық ептіліктің, жалпы алғанда кеңістікте түйсік пен
бейімделуге жауап беретін бас ми жартышарларының дамуына ықпал етеді;
• Шығармашылық өз ойын білдіруге, қиялдауды, эстетикалық тәрбиені, бейнелеу өнерінің тәжірибелік машығын, жалпы алғанда көркем өнерге деген қабілетін дамытуға мүмкіндік береді;
• Баланың бейімделу қабілетін арттырады, шаршауды, оқуға байланысты болатын жағымсыз жағдайлардан арылтады.
Қорытынды:
«Балаға берілетін білім оның көзіне көрінетіндей, құлағына естілетіндей және қолына ұстайтындай болуы керек, яғни бала білімді өзінің сезім мүшелерімен терең сезінуі керек,сезімге әсер еткен білім ғана балада жеңіл қабылданып, ұзақ есінде сақталады» - деген психолог П.Я. Гальпериннің
сөзімен аяқтаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |