«АРТ- ТЕРАПИЯ арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»
Ғұлама ғалым Әл- Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа байланысты» деп ой түйіндеген екен.
Қазіргі таңда баланың шығармашылық қабілетін арттырудағы ең жақсы, тиімді әдістің бірі: арт - терапия әдісі болып табылады. Арт - терапия элементтік жаттығулары, шығармашылық әрекеті балаға өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым –қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады. Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Арт - терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт - терапия терминін ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. Арт терапияның негізгі мақсаты- баланың өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі тануын өнер арқылы дамыту.
Арт-терапия көп қаржыны қажет етпейді. Арт-терапиядан сабақ кез келген кабинетте, топпен де, жеке де өткізіледі. Үшіншіден, арт-терапия өте қызықты! Балалар өздері жасаған дүниеден рақаттану сезіміне бөленеді, олар оны беріліп жасағандықтан, көбінесе қорқыныш сезімінен, психологиялық қиыншылықтардан қалай арылғандарын байқамайда қалады. Арт - терапия дегеніміз адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды деген сөз. Яғни, арт - терапия элементтерін дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады.
Арт - терапия – психодиагностикалық, психопрофилактикалық
писхокоррекциялық қызмет атқарады.
1. Бейнелеу терапиясы – бірінші кезекте сурет салу терапиясы болып табылады.
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Бейнелеу терапиясы түрлі әдістермен жүзеге асырылады.Олар:
1.Саусақпен сурет салу.
2.Сабынмен сурет салу.
3.Щеткамен сурет салу.
4.Майшаммен сурет салу.
Ертегі терапиясы – ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек беруге тікелей бағытталған. Ертегі терапиясы балаға өмірлік қиыншылықтары мен проблемаларына шешім тауып, ертегімен жұмыс істей алатындай (оқи отырып, ойдан шығарып, ойнап көрсетіп, жалғастырып) жағдай жасайды. Сабақта әңгімелеу бөлімінде ертегілерді жартылай айтып, әр қарай ойдан шығартып, өз ойынша жалғастыртып, сахналатып отырамын. Ертегі арқылы баланың ойы, қиялы дамиды, көңіл-күйі көтеріледі. Ертегідегі әр бір кейіпкер болып ойнау балаға қосымша күштерді меңгертіп, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерді шыңдайды. Сонымен қатар, топпен де, жеке де жұмыс жасауға үйретеді. Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Ертегі терапиясы – ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек беруге тікелей бағытталған. Ертегі терапиясы балаға өмірлік қиыншылықтары мен проблемаларына шешім тауып, ертегімен жұмыс істей алатындай (оқи отырып, ойдан шығарып, ойнап көрсетіп, жалғастырып) жағдай жасайды. Сабақта әңгімелеу бөлімінде ертегілерді жартылай айтып, әр қарай ойдан шығартып, өз ойынша жалғастыртып, сахналатып отырамын. Ертегі арқылы баланың ойы, қиялы дамиды, көңіл-күйі көтеріледі. Ертегідегі әр бір кейіпкер болып ойнау балаға қосымша күштерді меңгертіп, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерді шыңдайды. Сонымен қатар, топпен де, жеке де жұмыс жасауға үйретеді. Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына
көмектеседі.
3. Құм терапиясымен– екі бағытта жұмыс жасалады. Олар сулы және құрғақ.
Екі поднос бірі құммен, екіншісі сумен толтырылды. Балаларға оған қоса құмды қалыптар және әр түрлі кіп-кішкентай фигуралар берілді.Балалар құм мен суды араластыра отырып, оны қалыптарға сала отырып түрлі мүсіндер жасап шығарады. Бұндай әдісті М. Ловенфельд өзінің әдістемесінде «әлемді құру техникасы» деп атады, мұндай ойға барлық материалдарды көрген баланың: «Ойын ойнауға болатын бұл бүкіл әлем ғой» [4] - деп айқайлап жібергені итермеледі. Баланың салған «әлемнің» сахнасы оны жасаушы мен терапевтке баланың психологиялық жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс соңғы кезде бой ала бастаған өзгеше әдіс. Құмды илеу арқылы
қалыпқа салу жұмысы баланың ойын әрекетімен қатар,жақсы нәтижеге қол жеткізе алатынына сенімін туғызады және көңіл-күйі көтеріледі.
Құм терапиясының әсіресе құммен сурет салу тәсілі бала психикасына әсерін тигізбей қоймайды. Бұл әдіспен суреттеуге балалар аса қызығушылық танытады. Өйткені баланың сурет салу барысында ұсақ саусақ моторикасының, есте сақтау қабілеттің, қозғалыс ептілігінің, жүйке жүйесінің жоғары , белсенді деңгейде жұмыс жасауынан туындайды. Құммен суреттеу кезінде баланың жүйке,саусақ, есте сақтау,епті қозғалыстарының синхрондалуынан жүйкеде екі жақты даму (қос қолмен сурет салғандай) іске асады.
Музыка терапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді.
Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. Әуен терапиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы балалардың бойынан айналадағы болып жатқан сан –алуан құбылыстарды өз шығармашылығымен байланыстыра білуге және
де көркем сөзбен кестелеп, бала жүрегіне жеткізу оның жан – дүниесін байытып, сана сезімін оятып, ақыл ойын дамытуға көп мән беріп отырамын.
5. Драма терапия - балаларды рольдерде ойнату арқылы дамыту. Баланың бірі-бірімен қарым-қатынасына, өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етуші терапия .Түрлі психолгиялық мәселелердi шешуге мүмкiншiлiк бередi. Драматерапияны неміс ғалымдарының бірі - барлық мүмкіншілікті зерттеуге болатын зертхана іспетті деген екен.
Бұл жаңаша тәсіл. Сабақ бір сюжетке байланысты бағытталады да , театрландырылған кейіпте өтеді. Бұл тәсілде сабақтың түрлі әдіс-тәсілдері бір-бірімен үйлесім табады.
6. «Түстермен байланыс» терапиясы арқылы баланың түстерге таңдау жасауы - бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуын қалыптастырады. Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті,оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады. Балалар ересектерге қарағанда анағұрлым сезімтал болғандықтан, түстердің әсерін күштірек қабылдайды. Ол үшін баланың әуестігіне мән беріп, қай түсті ұнататынын аңғару керек. Балаға жақтырмайтын түстерін тықпалауға болмайды.. Баланың қай түске ұмтылатындығына қарап, үнемі ұнататын түстері арқылы оның туабітті табиғи ерекшелігін, темпераментін анықтауға болады. Түс арқылы емдеуді бала тәрбиесінде күнделікті қолдану керек. Оны ойын түріне айналдыруға да болады
7. Ойын терапиясы- арт - терапияның бір түрі. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |