Флора және өсімдіктер жамылғысы. Флораның трансформациясы жөніндегі өзекті мәселелер



бет2/7
Дата29.04.2024
өлшемі36,53 Kb.
#201561
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ФФН 2апта

Орманды дала зонасының өсімдігі. Орманды дала - өзінің өсімдік жамылғысы жөнінен теңбіл-теңбіл келген макрокомплекс. Мұнда өзіндік ерекшеліктері бар орман өсімдік түрлері тараған, жапырақты орман мен далалық жердің элементтері кездесетін шалғынды дала бір-бірінен айқын ажырайды. Дала және орманды дала өсімдіктерінің бұлай таралуы негізінен рельефке байланысты, дегенмен топырағы шешуші роль атқарады. Орман негізінен жақсы кепкен сұр топырақты жерлерде, қыраттардағы құнарсызданған қара топырақты жерлерде, өзеннің биік оң жағалауында және сайдың эрозиялы беткейлерінде өседі. Шалғындық дала тұзы шайылған кәдімгі қара топырақты жерді қамтиды. Сондай-ақ шалғын, батпақ, сор, сортаң жерлерде де кездеседі.
Орманды даланың орман өсімдіктері арасында қияқ пен астық тұқымдастар едәуір басым өскен түкті қайың, шоқ қарағайлардан тұрады. Мұндай шағын ормандардың аласа ағаштары ретінде солтүстіктің талдары - шілік, сушілік, ақшілік өседі. Ойпаң жерлердің тұзды топырақты жерлерінде қайыңның ерекше эндемик түрі, шілікпен туыстас қызыл немесе қырғыз қайыңы өседі. Қылқан жапырақтылардан сирек те болса құмды, құмдақ жерлерде, борлы топырақта тек қарағай кездеседі. Мұндай шоқ қарағайлар арасында ит бүлдірген, қара жидек, алмұрт, тіпті мүк жидекті сфагнум батпақтары жиі кездеседі. Бұта өсімдіктерден әдетте ракитник, дрок өседі. Ең құрғақ жерлерде астық тұқымдас түрлі шөпті дала кездеседі, орташа қара шірікті топырақты жерлерде қызыл боз бен құмдақ боз, бетеге басым келеді, аздап жіңішке жапырақты қоңырбас, дала атқонағы, қылтықсыз арпабас, жатаған бидайық және Шелл сұлыбасы өседі. Әр түрлі шөптерден алты желекті тобылғы, шанышқақ, солтүстік қызыл бояуы тән. Сортаңдау қара топырақты жерлерде бетеге жырық жусан, Бессер сәбізшесі басым келеді. Малға азық ретінде табиғи өсімдіктерден түсетін жалпы өнім 5-9 ц/га. Бұл жерге мүйізді ірі қара мен жылқы жайған тиімді. Мұндағы жайылым көктемде 100%, жазда 80%, күзде 60% пайдаланылады. Өзен аралықтарындағы ылғалды топырақты тұзы шайылған және шалғынды қара топырақты жерлерде шалғындық астық тұқымдас түрлі шөпті дала қалыптасқан. Мұндай даланың шөптесін өсімдігінде ақ селеу және жіңішке жапырақты боз, жатаған, бидайық, қылтықсыз арпабас т. б. көп. Дала тобылғысы, сиырсілекей, қурайсасыр, түрлі шөп те кездеседі. Көбіне топырағы тұзданып кетеді, сөйтіп мұнда ақ бас, қызыл мия, жырық жусан, Бессер сәбізшесі өсе бастайды. Даланың шалғын шөбінен түсетін өнім 5-10 ц/га, ылғалды жылдары 15 ц/га-ға жетеді. Жақсы шабындық саналады.
Орманды дала зонасының ойпаң жерінде қияқ, елекшөп, мажыра өскен ылғалды және батпақты шалғын қалыптасқан. Шөп түсімі 15-25 ц/га. Пішенге шабылады. Мұндай шабындықтарды құрғату және топырағын шаю арқылы үстеме шөп егу жолымен өте жоғары өнімді шабындыққа айналдыруға болады.
Сор тартқан топырақты жерлерде галофит түрлері (құрғақ сортаңды жерлерде қараматау, селдіргүлді жусан, Гмелин кермегі, жатаған, изен; ылғалды және аса ылғалды сортаңда жалманқұлақ, ұзын қабыршақты ақмамық, сор тартары, сораң шөп) өседі. Бұл өсімдіктер тобы ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет