Флора және өсімдіктер жамылғысы. Флораның трансформациясы жөніндегі өзекті мәселелер



бет6/7
Дата29.04.2024
өлшемі36,53 Kb.
#201561
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ФФН 2апта

Тау өсімдігі. Қазақстанның таулық аудандары іргелес жатқан жазық өңірлердің табиғи зоналарында орналасқан. Алтайдың қазақстандық бөлігі (Кенді Алтай) шөл дала зонасында, ал Тянь-Шань шөл зонасында. Бұл биіктік белдеудің ауысу сипатына әсер етеді. Аласа тау етегіндегі аймақтарда құрғақ дала қалыптасқан. Таудын ең ылғалды белдеулері - орманды және шалғынды дала өсімдік тұрлеріне ібай. Бұлардан жоғары және төмен жатқан белдеулерде өсімдік жамылғысы ылғалдың тапшылығына немесе салқын температураға және вегетация кезеңінің қысқалығына байланысты нашар дамыған. Қазақстан тауларының солтүстік-батыс бөлігінің тау етектері мен аласа таулары - шөл; эфемерлі және далалық түрлі шөпті солтүстік-шығысы - жусанды шөлейт және шым түзетін астық тұқымдас өсімдікті дала. Алтайдың орманды белдеуі (Қазақстан тауларының солтүстік-шығысы) өзінің қылқан жапырақты орманымен, биіктегі шалғынымен Сібірдің жазықтағы тайга өсімдігіне ұқсас, Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауындағы қылқан жапырақты орман мен шалғынды алқаптар күн жақ беткейлерінде далалық сирек ағашты алқаптармен алмасады. Солтүстік Тянь-Шаньның орманды-шалғынды белдеуінің төменгі шекарасында алма, көктерек, қайың және қопалы бұта, ал Батыс Тянь-Шаньда ағашты, бұталы өсімдіктер таралған. Бұлар жазық жердің орманды дала орманына ешбір қатысы жоқ есімдіктерден тұрады. Алтайдың биік таулы жерлерінде құрамында арктика талы, аласа қайыңы бар, арасында мүк, қына араласқан өсімдіктер өседі.
Алтайдың таулық белдеулеріндегі осімдік жамылғысында аласа таулар мен тау алды зоналарының шөлейт, дала, шалғынды дала өсімдіктері (боз- жусанды, астық тұқымдас, даланың оңтүстігінде ши араласқан боз, жусан) оседі. Таудың қоңыр, қызылқоңыр топырағында және сілтісі шайылған қара топырақты жерінде далалық бұталар (тобылғы, ешкісабақ), астық тұқымдастар, сортаң және саз топырақта шалғын кездеседі, ал ылғалды беткейлер мен тау аңғарлары табанындағы ылғалды орман топырақтарында қайың, терек, көктерек және тал орманы бар. Күлгінделген топырақты жерлерде кейде қарағайды да кездестіруге болады.
Таудың орта биіктіктегі зонасында орман-шалғын өсімдіктері өседі. Қалыңдығы онша емес тастақты қара топырақты жерлерде қараған мен тобылғы аралас даланың бұталы қопалары, орманның сұр топырақты жерінде далаға бейімделген балқарағай мен қайың өседі. Шөптесін өсімдік жамылғысы түрлі шөпті, бетегелі, астық тұқымдас шалғынды өсімдіктен құралған. Тау орманының аз күлгінделген топырақты жерінде шырша, май қарағайлы орман (Солтүстік-батыс Алтай), балқарағай, самырсын, қарағайлы орман (Қалба жотасы) өседі.
Биік тау зонасы (альпі мен субальні зоналары) субальпілік биік шөпті, қайың, самырсын және балқарағайлы сирек орманды болып келеді. Альпілік зонадағы альпілік шымтезекті шалғын топырақты жерлерде қыналы биік тау тундрасы, шалғынды-шөптесін өсімдікті және қайыңды тундра (Солтүстік-батыс Алтай) жиі кездеседі.
Тянь-Шаньның солтүстік және батыс бөліктеріндегі өсімдік жамылғыларының біраз айырмашылықтары болады. Солтүстік Тянь-Шаньның тау алды шөлді зонасында сораң-жусанды, эфемерлі-астық тұқымдас, жусан және түрлі шөпті бетегелі-бозды өсімдік топтары таралған. Тұзды топырақты жерде арасында ши өскен бетегелі шалғын кездеседі. Таудың қара топырағында астық тұқымдас түрлі шөпті шалғын, орманның сұр топырақты аңғарларында алма, көктерек және басқа жалпақ жапырақты ормандар өседі. Орманның шалғынды белдеуінде қопалы бұталар арасында өрік, күнгей беткейлерінде казақ аршасы, кейде майқарағай (Жоңғар Алатауы), бұталар, арша аралас шырша, жалпақ жапырақты ормандар кездеседі. Шөптесін жамылғысында түрлі шөпті астық тұқымдастар, шебер шөпті, тарғақ шөпті астық тұқымдастар (қияқ және қазтамақ), теңге жапырақты өсімдіктер өседі. Биік таулық белдеуде, шымтезектілеу топырақта шыршалы селдір орман, арша, астық тұқымдас турлі шөпті шалғындар кездеседі. Альпілік зонада альпі шалғыны және кобрезия өседі.
Батыс Тянь-Шаньның тау алды зонасының төменгі белдеуінде эфемерлер, бидайық, арпа, арпабас көп өседі және бұлармен бірге эфемерлі, астық тұқымдас бидайықты арпабас т. б. өсімдік түрлері өседі. Турлі шөпті астық тұқымдас өсімдікті шалғындар әдетте карбонатты топырақты жерлерде таралған. Бұл зонадан жоғары бетеге, жусан және астық тұқымдастар, кейде бірен-саран Зеравшан аршасы, алма ағашы, жемісті бұталар кездеседі. Құрамында прангос, сасыр сияқты астық тұқымдас өсімдіктері бар биік шөпті шалғындар да бар. Өзен бойындағы орманның сұр топырағында шалғын шөп аралас тал, тікен жиде, қайың, алма және жаңғақ орманы өседі.
Шалғынды орман зонасында арша түрлерімен (кәдімгі арша, зеравшан аршасы, жартылай шар тәрізді арша) араласа астық тұқымдас шөпті шалғын өседі. Шайылған қызыл қоңыр және қоңыр түсті таудың шалғынды топырағы тараған.
Субальпілік өсімдіктер түркістан аршасынан, сұлыбас, жоңғар түлкі- құйрығы, селдірек аралас турлі шөпті, бетегелі өсімдік топтарынан тұрады.
Альпілік өсімдіктер түрлі шөпті шалғынды бетегелі (Крылов бетегесі), шалғынды дала және қарагүлді қияқты, сазды шалғындықтардан құралған.
Алтайдағы тау алды егіншілікке пайдаланылады, кейбір жерінде бақ өсіріледі. Табиғи шалғындықтардың шөбі қалың болады. Альпілік шалғындықтардың биік шөбі көбіне жазда мал жайылымына пайдаланылады. Ормандарының да шаруашылықтық маңызы зор.
Солтүстік Тянь-Шаньның тау бөктері мен тау алды жазығы суармалы және тәлімі егіншілікке пайдаланылады, бақ есіру де дамыған. Табиғи шөпті алқаптардан пішен шабылады, мал жайылады. Батыс Тянь-Шань беткейлерінің тым тіктігіне байланысты пішен шабуға қолайсыз. Лөсс топырақты тау алды суармалы дақылдар мен бақ есіруге пайдаланылады. Мұнда жабайы жеміс ағаштарының (алма, сары долана, шетен, қарақат, жаңғақ) өнімдері жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет