Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
Білімін қолдану
Популяция туралы білімін қолданады. Популяция санының өзгеруінің себептеріне жыртқыш-құрбан арасындағы байланысты мысал ретінде алып, дерек көздерінен алынған ақпараттарға анализ жасайды.
Жабысқақ балықтарға азық беріп және қорғаныш болатын акулалар; құстар мен кемірушілердің індерінен бунақденелілердің көптеген түрлері өздеріне азық және қорғаныс табады.
Аменсализм
0 -
Нейтрализм
Түрлі ағзалардың экологиялық қуыстары(орындары) басқаша болып, өзара қарым-қатынасқа түспейді.
Қарым-қатынас
Түрлер үшін маңызы
Қарым-қатынас сипаты
Мысалдары
Бәсекелестік
- -
Қоршаған ортаның бірдей жағдайлары үшін түрлер арасындағы немесе бір түр дараларының арасындағы күрес
Өсімдіктер өзара жарық, ылғал және т.б. жағдайдар үшін бәсекелеседі; орманның жыртқыш құстары мен аңдары азық үшін(кемірушілер) бәсекелеседі.
Жыртқыштық
+ -
Бір ағза(жыртқыш) басқа ағзаны(жемтік) азық етеді. Егер ағзалар бір түрдікі болса, онда каннибализм болып табылады.
Омыртқасыз жануарлардан: инелік және өрмекшілер шыбындарды, көбелектерді және масаларды жейді; омыртқалы жануарлардан қасқырлар мен түлкілер қояндар мен кемірушілерді қорек етеді.
Паразитизм
+ -
Бір ағза (паразит) басқа ағзаны (иесін) қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланады.
Лямблия, трипаносомалар, безгек плазмодийі омыртқалылардың және адамның ішегінде, қанында паразиттік тіршілік етеді; тайтұяқ ағаштарда паразиттік тірлілік етеді; қастауыш пен қаракүйе астық тұқымдастарында паразиттік тіршілік етеді.
Мутуализм (симбиоз) немесе кооперация
+ +
Қоректік, кеңістіктік және басқа қарым-қатынасқа негізделген өзара пайдалы қарым-қатынас түрі.
Талшықты (жгутиконосцы) қарнында тіршілік етіп, жасунықты (клетчатка) қорытатын термиттер; мүйізтұмсық және терісінен паразиттерді шұқып жейтін құстар(воловьи птицы); актиния және тақуа шаян.
Комменсализм немесе арамтамақтық
+ 0
Қарым-қатынастан бір ағза пайда табады, ал екінші ағза үшін қарым-қатынас әсері бейтарап болады.
Жабысқақ балықтарға азық беріп және қорғаныш болатын акулалар; құстар мен кемірушілердің індерінен бунақденелілердің көптеген түрлері өздеріне азық және қорғаныс табады.
Аменсализм
0 -
Бір ағзаның тіршілік әрекеті басқа ағзаның дамуын бәсеңдетеді.
Аралас орманда өсетін шыршалар қайыңдар мен басқа да жапырақты өсімдіктерге көлеңкесін түсіреді, бірақ олардың тіршілігі жапырақты өсімдіктерге мүлдем тәуелді емес; пеницилл саңырауқұлағы бактериялардың өсуін тежейтін антибиотик бөледі.
Нейтрализм
0 0
Түрлі ағзалардың экологиялық қуыстары(орындары) басқаша болып, өзара қарым-қатынасқа түспейді.
Африка саваннналарындағы антилопалар түрлі ярустағы өсімдіктермен қоректенеді. Жирафтәрізді антилопа ағаштардың жапырақтарымен, Гну антилопасы- бұталардың жапырақтарымен, Куду антилопасы шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.