Мысалы, 0,9х-4,5=0; 2х+5=3х-2 - бір айнымалысы бар сызыктық теңдеулер.
Тендеуді шешкенде, ондағы айнымалының (х-тің) орнына койғанда тендеуді тура теңдікке айналдыратын сан табылады. Мұндай санды тендеудің түбірі деп атайды.
Теңдеудің түбірі дегеніміз айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәні.
6-сынып математика курсындағы «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тарауы бойынша мұғалімге қосымша құрал ретінде жұмыс дәптерін қарастырдық. Жұмыс дәптерде бекітілген оқулық бойынша тақырып желісінде тапсырмалар жазылған. Тапсырмалар арасында білім алушыға түсінікті болу үшін тапсырмалар суреттер арқылы жеткізілген. Сонымен қатар, оқулықтағы тапсырмалар жұмыс дәптерінде түсінікті тілмен көрсетілген. «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тарауы бойынша оқулықта 4 тақырып 50 есеп берілген.
2.Оқушылардың білім деңгейін дамытуға арналған жұмыс дәптері
2.1 Жұмыс дәптерінің сабақ жүргізу барысындағы тиімділігі
«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тарауы бойынша жұмыс дәптерінің тапсырмалар жүйесі
2.3 «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер » тарауын оқытуда жұмыс дәптерін қолдану
Математика сабақтарында білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық сияқты міндеттері іске асырылады. Математика сабақтары ең алдымен, оқушыларды математикалық білім, білік және дағдылардың жүйесімен қаруландырады, яғни ол білімдік міндет атқарады. Математика да білімдік міндет атқарады.
Оқушылардың жаңа ұғымдарға амалдарды орындауы мен есептеулер жүргізуді түсінуі, олардың жаңа материалды қабылдауы тірек болатын бұрынғы алған білім, білік, дағдыларын қайталап естеріне түсірулеріне ғана байланысты емес, жаңа ұғымдарды өтуге дайындық кезіндегі және түсіндіру барысындағы жан-жақты терең ойлап, бар ынта-ықыластарымен тындап, талдауларына да байланысты.
Жұмыс дәптерінің міндеті – бағдарламада берілген оқу материалдарының мазмұны мен көлемін бөлшектеп алу және білім беруді жүйелеу болып табылады. Оқушылардың жұмыс дәптерлерін қарап тексере отырып олардың өтілген материалдарды қаншалықты игергенін тексеріп, білім деңгейлерін бағалауда маңызы зор болып табылатын құралдың бірі. Оқытуда жұмыс дәптерін пайдалану оқуда білім сапасын жақсартады,оқу-тәрбие процесінде оқудың тиімділігін арттырады.оқуытудың перспективалық әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Жалпы дәптерде –жаңа материалдар,сонымен қатар өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар бар .Дәптерді сабақта білімді бақылау үшін ғана емес сонымен қатар үй тапсырмасы ретінде де пайдалануға болады.
Білім алушыларға ұсынылған бағдарлама бойынша мұғалім сабақ түсіндіріп болғаннан кейін өзіндік жұмыс дәптерін оқушыларға жеке жеке таратылып беріледі. Сабақ соңында мұғалім білім алушылардан жұмыс дәптерлерін жинап алып, сол бойынша оқушылардың өтілген сабақты түсінген деңгейін анықтап, бағалайды. Бұл жұмыс дәптерін қолдануда білім алушы өз бетімен жұмыс жасау қабілетін қалыптастырады.
Дәптерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар,соның ішінде өзіндік жұмыстар,сызбалар,кестелерді толтыру және тағыда басқа.Жалпы жұмыс дәптерінде материалды қисынды түрде беруге,пәннің себеп –салдарындағы байланыстарын қалыптастырып қадағалап, оқу-танымдық іс әркетінен оқу –тәжірибелік іс-әрекетке көшу үшін білім негізін құруға мүмкіндік береді.Оқушыларға бір жағынан қосымша білім алуға және оқу іс –әрекетінең өнімділігін арттыруға, жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар арқылы білім сапасын жақсартыуға мүмкін береді.