ҚОРЫТЫНДЫ Математикалық білімнің негізгі мақсаты – білім алушылардың интеллектуалдық дамуына, қазіргі қоғамда әртүрлі жағдайларда өз білімін қолдануға жағдай жасау. Білім алушыларды «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» курсы бойынша дидактикалық материалдар дайындадық, дайындықтың әдістемелік жүйесін жасақтау білім алушылардың жалпы математикалық қабілеттерін жоғары деңгейге көтеру негізінде жасақталды. Мектепте білім алушыларды осындай жағдайлар бойынша дидактикалық материалдар қатыстыру.
Жоба нәтижелері әзірленген әдістемелік дайындық жүйесінің тиімділігін растады, осы жүйе бойынша өткен зерттеумен сандар теориясы тарауы бойынша білім алушылар жақсы нәтижелерге жетті. Олар өздерінің математикалық білім дағдыларын жетілдіруді және теориялық білімін іс жүзінде қолдана білді. «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» дайындықтың әдістемелік жүйесінің оқытуда тиімділігін арттыру үшін өздігінен жұмыс жасау, дидактикалық материалдар арқылы білім алушыларға арналған өзіндік жұмыс дәптерінде тек оқулықтағы есептер ғана емес қосымша шапшаңдық, тез ойлану дағдыларын қалыптастыратын тапсырмалар ұсынылады.
Сондай-ақ, әр оқушының жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескеру қажет. Оқытудағы әр баламен жеке қарым-қатынас кейй оқушыларды басқа қырынан таныта алады. Жобадағы дидактикалық материал дайындау себебіміз математика пәнінің қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін, өзіндік жұмыс дәптерін дайындау болды.
Пайдаланылған әдебиеттер және Қосымшалар
Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланова, 2018ж, «Атамұра» баспасы, Алматы, 6 сынып математика 2 бөлім.
Зельдович, Яглом Высшая математика для начинающих физиков и инженеров. Наука, 1982 г.
Алгебра В 2-х частях. Учебник – Мордкович А.Г., Николаев Н.П. 7 класс 8 класс 9 класс
Elementary algebra. by. Jacobs, Harold R. Publication date. 1979. Topics. Algebra. Publisher. San Francisco : W. H. Freeman.
“Мектеп” баспасы дайындаған 6-сыныпқа арналған “Математика” оқулығы, авторлары: А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова., «Мектеп» баспасы, Алматы, 2018ж.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 8 дереккөзді қамтиды. Ғылыми жетешінің басшылығымен ғылыми-пратикалық конференцияға келесідей бір мақала дайындалды:
-Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (on-line) “ХХI ғасырдағы ғылым мен білімді дамыту: Интеграциялау, жаңғырту” ғылыми журналына 6 сыныпта бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер тақырыбын оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану тақырыбында мақаламыз өтті.
Назарларыңызға рахмет!