консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у — еріндік).
Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.
Қысаң (ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |