(тій-ін), тү-йін, ти-ын (тый-ын), ты-ныс, қи-ын (қый- ын), құ-йын деп буынға бөліп жаз немесе тасымалда дейміз. Жаңа ғана біркелкі айтылып тұрған сөздер енді келіп әрі-сәрі
болып кетті. Бірі қалай айтып дағдыландырдық, солай буынға бөлініп, солай тасымалданып жатыр. Ал екінші бір сөз
айтылуы бір бө-лек, жазылуы мен тасымалы бір бөлек болып кетті.
Келесі
у әрпімен келген сөздер де дәл осындай шым-шы-тырық. Мысалы,
құ-уан ,
құ-нан деп буынға дұрыс бөліп
айтамыз да
қу-ан (құ-уан), құ-нан деп буынға бұрыс бөлгізіп жаздырып, бұрыс тасымалдатамыз.
Ал
я, ю әріптерімен келетін сөздердің түсінігі тіптен күрделі. Мысалы,
сы-йа, қы-йұу деп айтқызамыз да
си-я (сый- йа), қи-ю (қый-йұу) деп буынға бөлгізіп, тасымалдатып жата-мыз. Сонда біздің қазіргі емле-ережеміз бойынша:
и дегеніміз
ый, ій ;
я дегеніміз
йа, йә ;
ю дегеніміз
йұу, иүу екенін ескерсек, амал жоқ,
сия дегенге алдымен
и әрпінің, сонан соң
я әрпінің
дыбыс көрсеткішін қоямыз. Соның нәтижесінде сөз ортасында екі
й дыбысы қосақталып шыға келеді. Ал
сия сөзінің қазақы
ай-тылым үлгісінде бір ғана
й бар. Соған қарамай оқушы
сия сөзін оның жазылуы бойынша
сый-йа деп жалған буын жасап
оқуға мәжбүр болады.
Қазақ тілінің емле-ережесіндегі осы бір жаңсақтық алды-мен сөздің қазақы айтылу үлгісін бұзып барады. Жуан
сөздердің құрамындағы
и әрпін жіңішке айту дағдыға айналды. Тілі жазу-мен шығып жатқан қазіргі балалар «былай
айтасың, ал былай жазасың» дегенге құлақ қояр емес. Оларға қалай жазылса солай оқыған оңай болып тұр. Сөйтіп
сингармонизм заңы бұзыла бас-тады. Сонан соң дыбыс тіркестерін белгілейтін
и, у, я, ю таңба-ларын дауысты әріп деп
ұғынатын болдық.
Осы әріптерді дауысты деп үйренген балаға да, студентке де «сөз дауыстыға бітсе, дауыссыздан басталған қосымша,
ал дауыссызға бітсе, дауыстыдан басталған қосымша жалғанады» деген ережені түсіндіру мүмкін емес. Себебі оның көз
алдында
су-ы дегендегі «дауыстыдан кейін дауысты келген» үлгі тұр. «Неге
у дауыстысынан кейін
ы дауыстысы тұр?» деген
сұраққа көбінесе жалтарма жауап беріледі. Себебі оқулықтардың өзінде шынайы нақты түсіндірме жоқ.
36
Қазақ тілінің дыбыс құрамын дұрыс анықтап, соған лайық төл әліпбиін түзіп, сөйтіп тасымалдаудың емле-ережесін
икемді ету болашақтың меншігінде.