Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет70/115
Дата07.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#138262
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115
Байланысты:
Фонетика дарис.

тегеурінді екпін
– фонациялық ауаның күштірек қар-қынмен айтылуынан пайда болады;

әуезді екпін
– дауыстың әуенділігіне, дауыс ырғағына байланысты айтылады;

мөлшерлік екпін
– буынның өзге буындардан созылың-қы айтылуы.
Лебізді екпіннің атқарар рөлі ерекше, әсіресе мына қыз-меттерін атау орынды болмақ: кульминативтік қызметі,
делима-тивтік қызметі, сигнификативтік қызметі, экспрессивтік қызметі. Екпіннің кульминативтік қызметі сөз ішіндегі
буындар мен буын құрайтын дыбыстардың басын лебіздік тұрғыдан бірікті-ріп, сөзді бүгін, біртұтас, дербес құрылыс
ретінде көрсетеді. Делимативтік қызметі лебіздегі сөздер тізбегіндегі атаулардың бір-бірінен шегін, арасын ажыратып
көрсетуі. Айтушы мен тың-даушы бірінің сөзін бірі дұрыс түсіну үшін, ондағы екпін дұрыс қойылуы қажет. Сөздер бірінен
кейін бірі тізіліп айтылғанда, ой-дың мазмұнына байланысты арасы үзіліп, жеке сөздерге ерекше мән беріліп, мәндік,
мазмұндық тұрғыдан ажыратылып айтыла-ды. Екпін арқылы сөйлемнің аяқталғаны, екінші сөйлемнің бас-талғаны
аңғарылады. Сигнификативтік қызметі – сөздің құра-мындағы лексикалық мән беруші тұлға мен грамматикалық ма-ғына
беретін тұлғалардың арасын жіктеп, нақтылап тұруы. Бұл, әсіресе, омонимдік тұлғаларды қолданғанда, оның дұрыс түсіні-
37


луінің басты шарты болады. Мәселен, Біз оқушымыз – біздің оқушымыз деген тіркестердегі –мыз тұлғаларының дұрыс
екпін-мен айтылуы мен сигнификаттық қызметін анықтайды. Экспрес-сивтік қызметі – айтылуда сөзге экспрессивтік мән
беруі. Омо-формаларды ажыратуда ерекше көрінеді: Сен осы сөзіңді қойшы – Қойшы көп болса, қой арам өледі т.б.
Екпіннің табиғаты, түрлері мен атқаратын қызметін акцентология зерттейді. 
Екпін сөздегі орнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 
1. Жылжымалы екпін. Екпін арнаулы бір буынға байлан-бай, ыңғайына қарай әр түрлі буынға түсе беретін болса,
ондай екпін жылжымалы деп аталады.
2. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты деп аталады.
Екпін сөйлемдегі қызметіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Фразалық екпін. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен
дараланбай, айтылу жағынан жіті жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін
деп аталады.
2. Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір
сөзге ай-рықша назар аударылып айтылады. Сөйлемдегі айырықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол
сөз басқа сөздерге қарағанда ерекше әуенмен айтылады. Оны логикалық екпін деп атайды.
3. Ритмикалық екпін. Арнаулы сөз тобының өзара мағына бірлігі сол сөз тобының акцентуациялық бірлігімен тығыз
бай-ланысты келеді. Ондай мағына жағынан байланысты бір екпін-дес сөз тобы ритмикалық немесе динамикалық топ
делінеді. Ритмикалық екпін арнаулы семантика бірлігіндегі бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып тұрады. 
Қазақ тіліндегі сөз ағымын фонетикалық мүшелеудің бір түрі – ритмикалық екпін. Сонымен қатар эмфатикалық,
экспрес-сивтік, тіркес, сөздік екпін түрлері де кездеседі.
Қазақ тілі фонетистерінің арасында акцентологияның не-гізгі мәселелеріне қатысты көптеген пікірлер бар. І.Кеңесбаев,
Ж.Аралбаев қазақ сөзінің екпіні лепті десе, С.Татубаев созы-лыңқы деп таниды. Ал Ә.Жүнісбек қазақ сөзі екпінсіз
айтылады дейді. Қазақ тілінде екпін бар дегенді жақтаушылардың екпіннің сөздегі орны, қызметі мен фонетикалық
табиғаты жайында ортақ пікірі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет