Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі



бет27/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
лексикалогия казакша

50.Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі
Синтагма (гр. σύνταγμα - біртұтас құрастырылған) — синтаксистік біртұтас қатынасты білдіретін интонациялық-мағыналық бірлік, анықтауыш-анықталушы түріндегі қос мүшелі Құрылым. Мұндай құрылым жеке сөздер мен морфемалардан (от-оғасы, орын-басар, қол-ғанат, жылкы-шы, ескерт-кіш), сөз тіркесгерінен (королы қой, шапқан сайын), паузамен шектелген кез келген фразалар (Адам ауыр науқас уетінде/бұл дуниеден гөрі о дүниені/көбірек ойлайтын әдеті ғой (Қ, Жумаділов)).Бунақ — өлең тармағының (жолының) ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза. Өлеңнің әр тармағы екі, үш, төрт буынды Бунақтарға бөлінеді. Мысалы, он бір буынды тармақ үш Бунақтан құралады: Қан-со-нар-да // бүр-кіт-ші // шы-ға-да(а)ң-ға (Абай). Сондай-ақ, жеті буынды тармақ екі Бунақтан, бұдан аз буынды тармақтар бір Бунақтан тұрады. Бунаққа жіктелу түркі тілдес халықтар поэзиясына, соның ішінде қазақ өлеңіне тән құбылыс.Такт-фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі.Интонация(лат. іntono)[1] – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:1. Мелодия2. Ритм3. Темп4. Қарқындылық5. Тембр6. Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
51.Сөздердің қолданылу жиілігі
Жиілік сөздік — белгілі бір текст көлеміндегі немесе магнитті тексте таспа жазбасының бір үзігіндегі, сол сияқты нақты бір келемде жинақталған анкеталық анықтамалардағы сөздердің не оның тұлғаларының (сөз тұлғалардың), не сөз тіркестерінің, сондай-ақ грамматикалық тұлғалардың, буындардың, дыбыс таңбалары мен оның тіркестерінің қолдану жиілігі көрсетіліп берілген тізбесі. Өзіндік құрлысына қарай, ондағы тілдік материалдардың орналасуына қарай Жиілік сөздік:1. әліпбилі - Жиілік сөздік;2. Жиілік сөздік;3. кері әліпбилі - Жиілік сөздік болып үш түрге бөлінеді.Олардың әрқайсысының езіне тән мазмұны мен өзіндік мақсат-міндеті бар. Әліпбилі - Жиілік сөздік белгілі бір зерттеуге алынған текст көлеміндегі сөздердің не олардың сөз тұлғаларының қолданылу жиілігі керсетіле отырып, алдыңғы әріптері бойынша қатаң әліпби тәртібімен берілген тізбесі. Жиілік сөздіктің бұл түрі:• зерттеуге қажет болған лексикалық топтарды оңай ажыратуға, ондағы керек сөздерді (өзтұлғаларды) қиындықсыз тез тауып алуға;• қаралынып отырған текстің стильдік сапасын таңдауға;• зерттеуге алынған шығарма тілінің лексикалық байлығы мен оны жазған автордың сөз қолданылуындағы тілдік ерекшеліктері мен шеберлігін білуге;• морфологиялық дублеттердің (педагогикалық-педагогтық-педагогтік), фонетикалық дублеттердің (сөйтіп-сүйтіп, қазір-кәзір; кәне-кәні-қані) қай нұсқаларының жиі, қай нұсқаларының сирек қолданылатындығын білу арқылы олардың орнықтылығын анықтауға; сондай-ақ, жарыса қолданылатын сөздердің қай нұсқаларының әдеби норманың талабынан шығатындығын анықтауға жәрдемдеседі.Жиілік сөздік белгілі бір зерттеуге алынған текстегі сездердің, не оның тұлғаларының қолданылу жиілік санына қарай қатаң кемімелі тәртіппен орналасқан тізбесі. Егер мұнда сөздер мен оның тұлғаларының қолданылу жиілік саны бірдей болып келсе, онда олар әліпбилі-жиілік сөздіктегідей алдыңғы әріптері бойынша қатаң әліпби тәртібімен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет