Фонология: тілдегі дыбыс түрлері


Дауыстыларға тән акустикалық ерекшелік



бет4/4
Дата06.04.2023
өлшемі42,05 Kb.
#173938
1   2   3   4
Байланысты:
тбк 11

Дауыстыларға тән акустикалық ерекшелік - оларда музыкальды тонның болуы. Әрбір дауысты дыбыста ырғағы жағынан түрліше болып келетін тонның белгілі бір мөлшері (саны) болады. Бұлардың бәрінің жиынтығынан дауыстың әуені (тембр) немесе сапасы жасалады. Тіл-тілде дауысты дыбыстар саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі-түрлі болып келеді. Кейбір тілдерде дауыстылардың саны көп те, қайсыбіреулерінде аз. Мысалы, қазақ тілінде тоғыз жалаң дауысты дыбыс (монофтонг) болса (а, е, ы, і, ә, о, ө, ұ, ү), орыс тілінде алты дауысты дыбыс (а, э, и, ы, о, у) бар. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына, 2) еріннің қатысына және 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1) Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан ж у а н дауыстылар (а, ы, о, ұ) жасалса, оның (тілдің) таңдайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан ж і ң і ш к е дауыстылар (ә, е, і, ө, ү) жасалады.
2) Еркін қатысына қарай дауыстылар е р і н д і к және е з у л і к болып екі топқа бөлінеді. Еріндік дауыстылар еріннің алға сүйірленуінен жасалса (о, ө, ү, ұ…), езулік дауыстылар еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуынан жасалады (ы, і, е…).
3) Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық дауыстылар және қысаң дауыстылар болып екі топқа бөлінеді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалса (ә, а…), қысаң дауыстылар жақтың болар-болмас ашылуынан жасалады (ұ, ү, ы, і…). Ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың аралығындағы дауыстылар - о, ө, е, дыбыстары. Дауыстылардың ашық және қысаң деп бөлу - шартты нәрсе. Дауысты дыбыстардың көпшілігі ашық дауысты дыбыс (а) пен қысаң дауысты дыбыстың (ұ) аралығынан орын алады.
9
Қорытынды
Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни жазылған тілді – сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту – жазудан көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ; 2. дыбыссыз сөз жоқ.
Дыбыс – сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар:
1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді.
2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.

10
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы [мәтін]: оқу құралы.- Алматы, 1993.

  2. Аханов К. А. Тіл білімінің негіздері. Университеттер мен педагогика институттарының филология факультеттеріне арналған оқулық. Төртінші басылымы. - Алматы, 2002.

  3. Садуақас Н.А. ЖҰБАНОВТАНУ: Фонетика мәселелері. Оқу құралы. /«Жұбанов кітапханасы» сериясы. - \ Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018.


11

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет