Фонология: тілдегі дыбыс түрлері


Дыбыстау мүшелері мен олардың қызметі



бет2/4
Дата06.04.2023
өлшемі42,05 Kb.
#173938
1   2   3   4
Байланысты:
тбк 11

Дыбыстау мүшелері мен олардың қызметі

Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді.


Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады. Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Бірақ олар өкпедегі ауаның жай ғана шыға салуынан жасалмайды, ол үшін сөйлеу аппаратының қатысуы шарт. Анығырақ айтқанда, тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сөйлеу аппаратының қатысуы арқылы сыртқа шығуынан жасалады.
5
Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдіктің өкпеге қосылатын тарамдарынан тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді. Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады. Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады. Ал, егер шымылдығы жиырылып тұрса, онда діріл пайда болмайды, сондықтан да үн де шыға алмайды. Дауысты дыбыстар осы аталған дауыс шымылдығының дірілінен пайда болады. Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы болады. Ол ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасып жатады. Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы резонаторлық қызмет атқарады. Кейбір үнді дыбыстар (м, н, ң) мұрын қуысы арқылы жасалады. Дыбыстарды басым көпшілігінің жасалуында, әсіресе, ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Ауыз қуысындағы мүшелердің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше - тіл . Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы тіске тиюінен тіс (немесе денталь) дыбыстары (т, д…), ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға тиюінен немесе жуықтауынан тіл арты дыбыстары (қ, ғ, к, г) жасалады. Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі - ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о, ө, у, ү…) жасалуына да, дауыссыз дыбыстардың (м, п, б…) жасалуына да қатысы бар. Еріннің сүйірленіп дөңгеленуінен еріндік дауыстылар (о, у, ө…) жасалса, екі еріннің өз ара жымдасуынан ерін дауыссыздары немесе билабиаль дыбыстар (м, б, п…) жасалады. Астыңғы еріннің үстіңгі тіске тиюінен немесе оған жуықтауынан лабиаль-денталь дыбыстар (ф, в) жасалады. Сонымен, тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелеренің әрқайсысының қызметі өз алдына жеке-дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланысты болады. Ауыз қуысындағы тағы бір мүшенің бірі - таңдай. Дыбыстардың жасалу орнына қарай бұл мүше үш топқа бөлінеді: 1. Алғы таңдай. 2. Орта таңдай. 3. Артқы таңдай.

  1. Алғы таңдай. Үстінгі күрек тіс тұрған қызыл иекпен (альвеолярмен) ұштасады. Дауыссыздар альвеоляр арқылы көп жасалады.

  2. Артқы тандай кішкене тілмен жалғасады. Кішкене тілдің екі түрлі қызметі бар: 1. Кішкене тіл ауыз жолын бөгейді. Мұнда іштен шыққан ауа мұрын жолы арқылы өтеді, яғни м, н, н дауыссыздары жасалады. Іштен шыққан ауаны фонациялық ауа деп атайды. Кішкене тіл мұрын жолын бөгейді. Онда фонациялық ауа ауыз жолы арқылы өтеді.

Ауыз қуысы бірде тартылып, бірде керіліп тұрады. Мұндай кезде иектің қызметі мол. Иекпен ұласып жатқан мүше - тіл. Ол кейде төмен түседі. Онда ауыз мол ашылады. Ал, иек жоғары көтерілсе, ауыз тар ашылады. Тіліміздегі дауыстылар
6
ауыздың кең және тар ашылуына байланысты ашық және қысаң дауыстылар болып екіге бөлінеді. Мұрын қуысы арқылы көбінесе үнді дауыссыздар жасалады.Үнді дауыссыздар жасалу орны ауыз қуысы болғанмен фонациялық ауа мұрыннан шыққандықтан оларды мұрын жолды үнділер дейді. Дыбыстау мүшелерінің қызметі кейде актив, кейде пассив болады. Актив мүшелер жылжымалы келеді. Ал, пассив мүшелер онша көп әрекет жасалмайды. Тіліміздегі дыбыстардың көбі актив мүшелердің қимылынан пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет