Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті



бет2/12
Дата22.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#12104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Шешендік сөздер


Шешендік сөздерқоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркі тектес халықтардың көпшілігінде кездеседі.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (30%)

1- жаттығу. Төмендегі етістіктердің сабақтыларын бір бөлек, салт етістіктерді бір бөлек жазыңдар.

Отыр, жүр, бер, көр, оқы, тыңда, қос, жат, бол, бар, сөйле, таңда, жөнде, мақта, тұр, кел, ақылдас, көмектес, ойлан, сақтан, келтір, қосыл, қысыл.



2-жаттығу. Төмендегі етістіктерден сөйлем құрап, оның қайсысы табыс септік жалғаулы сөзді керек ететінін, қайсысы керек етпейтінін байқаңыздар.

Жазыл, мақтан, сыйла, жырла, әндет, сал, қина, кет, төк, ойна, жайна, сына, көгер.



12.Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

  1. Етіс дегеніміз не?

  2. Етістің қандай түрлері бар?

  3. Өздік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

  4. Өзгелік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

  5. Ырықсыз етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

  6. Ортақ етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

  7. Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады, мысал келтір.

13.Сабақты қорытындылау: 2мин (2%)
1. Етістік мағынасы жағынан нені білдіреді?

2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Етістік түбірінің қандай ерекшелігі бар?

4.Етістіктің сабақты және салт болып бөлінуі неге байланысты?


14.Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Етістік. Сабақты және салт етістік. Шешендік сөздер

2-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары. Етіс. Көсемше, есімше.
2.Сағат саны: 90 (100 %)
3.Сабақ түрі : тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту:Оқушылардың етістік тарауы бойынша алған білімдерін саралай отырып тексеру,етістіктердің түрін ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік:Оқушылардың адамгершілікке,еңбек сүйгіштікке,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Дамыту:Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,өз бетімен жұмыс жасауға,өз ойларын еркін әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары
б)оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Шендік өнер туралы айтып кетіңіздер.

2. Шешендік сөздер нешеге бөлінеді?

3. Етістік дегеніміз не?

4. Етістіктің түрлері.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Етіс

Қимылдың объекті мен субъекті қатысын білдіретін етістіктің түрін етіс дейміз. Мысалы: Олар сөйлесті. Мұнда етіс қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіріп тұр. Ол таранды дегенде, етіс қимылдың объектісі мен субъектісінің бір зат екенін білдіреді. Етіс төрт түрлі: 1. Өздік етіс. 2. Ырықсыз етіс. 3. Өзгелік етіс. 4. Ортақ етіс



Көсемше

Негізгі қимыл амалды және негізгі қимылды айқындайтын қосымша қимылды білдіретін етістіктің түрін көсемше дейміз. Мысалы: Ол келе жатыр. Сен оқып жүрсің. Бұлардағы негізгі қимылды білдіретін етістіктер (келе, оқып) көсемше формасында тұр. Сен күлімсіреп қарадың. Ол ентігіп сөйледі дегендер де негізгі қимылды қарадың, сөйледі етістіктері білдіреді. Олардағы күлімсіреп, ентігіп деген көсемшелер негізгі қимылдың қалай жасалғанын білдіретін қосымша қимылды білдіреді.

Көсемше қалай? қайтеді? не істеп? қайткелі? Сияқты сұрақтарға жауап береді.

Көсемше қалай? қайтеді? не істеп? қайткелі? сияқты сұрақтарға жауап береді.

Көсемше етістіктің түбіріне төмендегі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады:

1. –ып, іп, -п: жазып, келіп, санап.

2. –а, -е, -й: бара, келе, санай

3. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі: барғалы, келгелі, айтқалы, кеткелі.


Есімше
Есім сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрін есімше дейміз. Мысалы: Оқыған адам, білгеннен үйрен.

Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:

1. –қан, -кен, -ған, -ген: барған, кеткен.

2. –ар, -ер, -р, -с барар, келмес.

3. –атын, -етін: баратын, келетін.

Есімшенің жұрнақтары шақ жасаушы қосымша қызметін атқарады. Олар өткен шақ, ауыспалы өткен шақ пен ауыспалы келер шақ жасайды. Бұл қызметте есімше жіктеледі. Мысалы: келгенсің, келермін, оқитынбыз т.б.

Есімше зат есімнің түрлі белгісін білдіреді. Мұндай қызметте ол сын есім сияқты зат есімнің алдынан тіркесіп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі болады. Сөйлемде анықтауыш мүше болу етістікке тән қызмет емес, сондықтан етістіктің басқа түрлері бұл қызметте қолданылмайды. Есімшенің анықтауыш қызметінде жұмсалуы оның есім сөздерге ұқсастығына жатады.

Есімшемен тіркесте қолданылуға тиісті зат есім сөйлемде айтылмағанда, есімше оның мағынасын білдіріп, оның қосымшасын өзіне қабылдап, қызметін атқарады. Мысалы: келген адамды қарсы алыңдар – келгендерді қарсы алыңдар, оқыған кітабынан алған білімі – оқығаннан алған білімі.

Есімшенің бұл қасиеті де есімге ұқсастығына жатады, мұнда есімше есімнің сөйлемдегі қызметін атқарады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (30%)

3-жаттығу. Төмендегі етістіктерден есімше жасап, сөйлем құрастырыңыздар.

Әндет, күл, шымырла, жайна, бөлен, тара, елті, құмарт, жарқылда, сайра.



4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімше жұрнағын қосып жаттығуды оқыңыздар.

1. Абай бір жағынан Әбіштей баласының орысша кең, мол тәрбие ал...ына қарайды. 2. Мен Базаралының кеудесінде осыған ұқса... ойдың, көптен оралып жүре...ін білетұғым. 3. Ал ендеше, істің артына, аяқталуына ғана қарсы қараса, сол Базаралының әрекеті ел көпшілігін өкіндір... іс бол... жоқ па? 4. Өз ішінде жүр..., әлі әкесіне де ашпа... бір ойлары болушы еді. 5. Дәркембайдың алғашқы әйелі өл... соң, Жаңылды ағайын жатақтар болып, осыған ұйғар... да, екеуін қос... бола... . 6. Тіпті, Жігітектің Базаралыға еріп аттан... бар кедейінің де мол қасиет көрсет...ін айтамын. 7. Сын көтер... қымбатты бол... ғой. (М.Ә.)



12.Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.Жаттығу жұмыстарын орындату.
13.Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Етіс дегініміз не?

2. Көсемшенің сұрақтары.

3. Қазақ хандарын ата.



14.Үйге тапсырма беру: 2мин (2%)
Қазақ хандары. Етіс. Көсемше, есімше.

3-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Абылай хан. Негізгі және көмекші етістік
2.Сағат саны: 2 90 (100 %)

3.Сабақ түрі : тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту:Оқушылардың етістік тарауы бойынша алған білімдерін саралай отырып тексеру,етістіктердің түрін ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік:Оқушылардың адамгершілікке,еңбек сүйгіштікке,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Дамыту:Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,өз бетімен жұмыс жасауға,өз ойларын еркін әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
5.оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары
б)оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Етіс дегініміз не?

2. Көсемшенің сұрақтары.

3. Қазақ хандарын ата.

4. Морфологиялық талдау


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет