Форма качества



бет3/5
Дата19.01.2023
өлшемі112,04 Kb.
#165888
түріМетодическая разработка
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші.

сол қол ережесі


Егер сол қолды магниттік индукцияның векторы «алақанға енетіндей етіп», ал созылған төрт саусақты токтың бағытын көрсететіндей етіп орналастырсақ, онда 90° қайырылған бас бармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

Лоренц күші

Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әсер ететін Ампер күші, оның қозғалыстағы еркін зарядтарына әсер ететін күштердің қосындысынан тұрады. Магнит өрісінде қозғалатын зарядқа әсер ететін күшті есептеуге арналған формуланы голланд физигі Хендрик Лоренц қорытып шығарды. Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерге әсер ететін күшті Лоренц күші (FЛ) деп атайды.

Лоренц күшінің шамасы магниттік индукцияның (B) зарядтың қозғалыс жылдамдығына (v), заряд шамасына (q) және қозғалыс бағыты мен индукция векторының арасындағы бұрыш () синусының көбейтіндісіне тең (2-сурет):
FЛ = Bvqsin  . (2)
Лоренц күші жылдамдық векторына да, магниттік индукция векторына да перпендикуляр. Оң зарядтар үшін Лоренц күшінің бағыты оң қол ережесі бойынша(9.6-сурет) анықталады, ал теріс заряд үшін қарсы бағытта.


2-сурет. Лоренц күшінің бағыты
Үшөлшемді суреттер (9-5 және 9-6) Ампер және Лоренц күштері үшін әрқашан ыңғайлы емес. Мына жағдайда, магнит өрісі токтың бағытына немесе бөлшек қозғалысының бағытына перпендикуляр ( = 90°) болса, жазықтығы магнит өрісіне перпендикуляр болатын екі өлшемді суретті пайдаланады. Бұл жағдайда магниттік индукция векторын белгілеу үшін 9.7-суретте көрсетілген екі символды пайдаланады.


2-сурет. сурет жазықтығына перпендикуляр вектордың бейнесі
 = 90° жағдайы үшін Ампер және Лоренц күштерінің жазық суреттерін орындаймыз


3-сурет. Ампер және Лоренц күштерінің екі өлшемді суреттердегі бейнеленуі
Теріс заряд үшін Лоренц күшінің бағытын анықтау үшін біз алғашында сол қол ережесін қолданатынымызды, содан кейін күш бағытын өзгертетінімізді, еске саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет