Форма силлабуса



бет7/32
Дата07.02.2022
өлшемі489 Kb.
#83885
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
Силлабус ИГПЗС (1)

Дәріс: Сабақ тақырыбы. Ежелгі Рим мемлекеті мен құқығы.
1. Рим мемлекеті пайда болуы мен дамуының кезеңдері.
2. Патшалық кезеңдегі Ежелгі Рим
3.Рим Республикасы
4.Рим империясының
5. Ежелгі Рим құқығы


Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.
Аңыз бойынша Ежелгі Римдегі мемлекетті б.э.д. 753 жылдың 21 сәуір күні рекс (патша) Ромул үш тайпаны Рим қауымына (civitas) біріктіру арқылы құрды. Яғни, Ежелгі Рим мемлекеті сабиндар, латындар және этрускілердің синойкизмі нәтижесінде құрылды. Дәстүрге сәйкес рекс Ромул 100 ақсақалдан құралған кеңес – сенатты құрып, халық жиналысымен бірге Римді басқара бастады. Б.э.д. VIII ғасырда Рим қауымына әскери сипаттағы тұйық рулық ұйымның белгілері тән болды. Рим қауымдық құрылымының әлеуметтік негізін рулар (genus) құрады. Басында олар 100 болды, кейін 300 жетті. Оған келесі белгілер тән болды: өзара мұрагер болу құқығы, ортақ мекен, бөтендерді қауымға алу құқығы, ақсақалдарды сайлау және орнынан алу, руластардың бір-біріне көмек көрсету міндеті. Римдік қауымның екінші элементі куриялар болды. Оған 30 курия (бір курия он рудан тұрды ) кірді. Курия дегеніміз – жауынгер-ерлердің одағы. Әрбір курия 100 жаяу және 10 атты жауынгер шығаруға міндеттенді. Рим қауымының ең ірі бірлігі трибалар (тайпалар) болды. Рим халқы әрбіреуі 100 рудан құралған 3 трибадан тұрды. Ежелгі Рим қауымы мемлекетті білген жоқ, ол әскери демократия жағдайында өмір сүрді. Римді Сенат, Рекс және харық жиналысы – комиция басқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет