Жазбаша тексеру жұмысы (тест) бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұрады.
Сiз сабақта бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұратын аралық тексеру жұмысын өткiздiңiз. Жұмысты бағалау критерилері тексеру жұмысын өткiзуге дейiн оқушыларға көрсетілді. Әрбiр дұрыс жауап оқушыға 1 баллды әкеледi.
Сіз жұмыстарды тексердіңіз және алған нәтижелерді ұсынылған кестелерге енгізген соң, оқушылардың жұмыстарының нәтижесін көрнекті көрсететіндей етіп, мәселелерді айқындап, ары қарай шешу жолдарын анықтайсыз.
Нәтижелер кестесі
№ 7-шi кесте
Сынып_______________Күні_____________Тақырыбы____________
1
|
2
|
3
|
|
Болмады
|
Асанов
|
|
Жұмысты тапсырмады
|
Усенов
|
Баға
|
Баға нормасы (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрап, оқушылармен талқыланған)
|
Оқушылардың саны
|
«1»
|
дұрыс жауаптар – 0-1
|
1
|
«2»
|
дұрыс жауаптар –2
|
4
|
«3»
|
дұрыс жауаптар –3
|
7
|
«4»
|
дұрыс жауаптар –4
|
10
|
«5»
|
дұрыс жауаптар –5
|
6
|
Оқушылар саны
|
|
30
|
3-ші бағанның мазмұны оқушылардың сапалық табыстарының сандық сипаттамасын мұғалiмге ұсынады.
Бұдан әрi мұғалiм дұрыс емес жауаптардың сұрақтарға байланысын көрсететін форманы толтырады.
№ 8-шi кесте
|
1 сұрақ
|
2 сұрақ
|
3 сұрақ
|
4 сұрақ
|
5 сұрақ
|
Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны
|
2
|
6
|
0
|
11
|
16
|
Алынған мәліметтер негізінде мұғалiм келесi қадамдарды жасауы тиіс:
1. Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Сабақты босатқан оқушыларға тақырыпты меңгеруiнiң сапасын тексеру үшін осы тапсырманы келесi сабақтың жоспарына енгiзу.
2. Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Себебiн біліп және оқушыға ағымдағы келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.
3. Ең үлкен қиыншылықтар келтірген сұрақтармен жұмыс.
8 - ші кестеде толтырылған мәлiмет оқушыларға 4, 5 сұрақтар қиыншылық тудырғанын көрсетедi. Мұғалiм оқушыларға мәселелер тудырған сұрақтардың талдауын жасау керек.
№ 9-шы кесте
Мүмкін мәселелер
|
Мәселелердi шешу үшiн жоспарланатын қадамдар
|
берілген уақыттың жетпеуi
|
- қосымша уақытты ескеру;
- тексеру тапсырмасының көлемiн кiшiрейту;
- нақты жоспарланған уақытқа оқушылардың белсенді жұмысын дамыту мақсатымен тапсырмаларды өткізуді жалғастыру
|
тақырыптың осы бөлiгiн зерттеу енді ғана басталғандықтан үлкен қиындық тудырады
|
- осы сұрақты бұл тексеру жұмысына қосуға болмайды, оны келесi сабаққа жоспарлау қажет
|
қолданылған оқыту әдiстері осы тақырыпты ашу үшiн тиiмдi емес болып табылады
|
- басқа оқыту әдiстердi қолдану туралы ойлау немесе анықталған шеберлікті жетілдіруге нақтылы бағытталған қосымша тапсырмалар таңдау
|
тақырып жеткiлiксiз ашылған
|
- тақырыптың ашылуына қосымша уақыт жоспарлау керек
| |
- сұрақтың тұжырымын қайтадан қарастыру
|
Талдау нәтижелерiн қолданып, мұғалiм керi байланысты жоспарлайды және оны жүзеге асырады. Талдау келесi сұрақтарға жауаптардың iздестiрілуін ұйғарады:
осы оқушы үшiн бұл бағалау қаншалықты тиімді;
осы тақырыпты оқуға оқушының қатынасын өзгерту мүмкіндігі (оқушының ынтасын жоғарылату);
қандай тапсырмалар (жаттығулар) оқушының өзіне биiк нәтижелерге қол жеткiзуге көмектеседi;
Оқушының парасатының жеке түрiне сәйкес қорытынды тапсырмаларды жоспарлап дайындау. Тексеру жұмысында берілген – тесттер, портфолио, зерттеу тапсырмаларынан гөрі оқушы басқа түрдегі тапсырманы сапалырақ орындауы мүмкін.
2-шi мысал Тексеру тапсырмасы:
Өз мысалыңның негiзiнде бүтін санды жәйi бөлшекке көбейтудің толық алгоритмін құру.
Бұдан әрi оқушының жауабы көрсетілген:
Мысал:
Шешудiң алгоритмі:
1) көбейтуді орындағанда бөлiмі өзгермейді;
2) бүтiн санды алымына көбейту:
3) алған әрекеттің нәтижесiн жазып алу: .
4) алынған бөлшекті қысқарту: . Бұрыс бөлшек шыққан жағдайда аралас санға айналдыру немесе тиiмдi формада жазып алу керек: .
Мұғалiм тексеруді жүргізу үшiн келесi белгiлердi анықтайды:
бүтін санның жәй бөлшекке көбейту алгоритмін құрастыруының дұрыстығын (оқушы бұл жағдайда үш немесе бес қадамнан тұратын тiзбектi пайдалана алады);
мысалдың құрастырылуы және оның дұрыс шешiмi.
Сiз жұмыстарды тексердiңiз және нәтижелердi алдыңыз. Сiз ұсынған формаларға нәтижелерді (таңдау еркі өзіңізде: бағалар немесе белгілер) енгізесіз де, оқушылардың жұмыстарының нәтижесi арқылы ары қарайғы қадамдарды анықтап, мәселелердi айқындап шешуге мүмкiндiк аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |