«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет .
Формативті бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы; білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу; «5» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған эмоционалды негативінің азаюы, бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау дағдылары.
Формативті бағалаудың маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті.
Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.
Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады:
1.Холистік бағалау жеке- жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа мерзімде және жалпы түрде бағалау.
2.Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.
«Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау
Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→ бағалау деп жіктеледі.
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген.
Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.
Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.
Жаңа бағалау әдісі: Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды,
Білімге деген ынтасын арттырады,
Баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді,
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.
9 сыныптың алгебра пәні бойынша тізбектер бөлімі бойынша тапсырмалар және олардың нәтижесән бағалау бойынша мысалдар көрсетілген.
Тізбек an=65-4n формуласымен берілген.
Тізбектің 4-ші және 6-шы мүшелерін табыңыз.
Тізбектің 15-ке тең мүшесінің нөмірін табыңыз.
Сайран (-1) санын осы тізбектің мүшесі болатынын айтты. Сайранның тұжырымы дұрыс па? Жауабыңызды негіздеңіз.
Арифметикалық прогрессияның алғашқы екі мүшесі берілген: -3,7; -4,6; …
Прогрессияның жиырма бірінші мүшесін табыңыз.
Арифметикалық прогрессияның алғашқы сегіз мүшесінің қосындысын табыңыз.
Егер геометриялық прогрессияның b3=24,b5=86 болса, онда
геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін және еселігін табыңыз.
геометриялық прогрессияның алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңыз.