- Оқу сауаттылығы бойынша сұрақтардың
- классификациясы:
- Анықтаушы сұрақтар – өз бойында келтірілген пікірдің
- шынайлылығын немесе жалғандығын ажыратуға бағытталады.
- Толықтырушы сұрақтар– тақырыптарға қатысты жаңа білімді,
- тұжырымдарды анықтаумен тікелей байланысты. Мұндай сұрақтардың грамматикалық белгілері кім, не, қашан, қалай, қайдан, неге, және т.б. сұрау есімдіктері болып табылады.
- Өткір сұрақтар– нақты бір проблемаларды талқылағанда
- өзекті сұрақтар да қойылады, яғни олар өмірлік маңызды, өзекті, принципті мазмұнда құрылады.
Оқылымның түрлі әдістерін қолдану арқылы оқушыларды сауатты оқуға дағдыландыра аламыз: - Оқылымның түрлі әдістерін қолдану арқылы оқушыларды сауатты оқуға дағдыландыра аламыз:
- көз жүгіртіп оқу;
- нақты ақпаратты табу үшін оқу;
- жалпы идеяны түсіну үшін оқу;
- детальды түрде оқу;
- суретке қарап болжай білу;
- мәтін түрлерін ажырату үшін оқу(хабарлау, мақала, жарнама, сипаттау, т.б.);
- интенсивті оқылым (үлкен, көлемді мәтін);
- назарын шоғырландырып оқу (кейін мазмұнын сыныптасына айтып беретін болған жағдайда);
- мазмұны бойынша талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |