Формирование профессиональных умений и навыков



бет6/25
Дата14.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#149478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
статьялар

Тiгiн машинасының негiзгi бөлшектерi, механизмдерi және жұмыс құралдары. Барлық тiгiн машиналары келесi элементтерден: бөлшектерден, буындардан және механизмдерден құралған. Бөлшек-құрастырушы операциясыз жасалатын элемент мысалы: винт, гайка, бiлiк, болт, шпонка. Буын - дегенiмiз бөлшектер тобы, бiр қатты жүйенi құрайтын және қозғалмайтын бiр-бiрiне қарағанда салыстырмалы келедi. Буындар қозғалмалы және қозғалмайтын болып келедi.
Қозғалмайтын бөлшектер, бiр қатты қозғалмайтын дененi құрайды (мысалы машинаның корпусы). Әрбiр қозғалмайтын бөлшек, топ бөлшектерi, бiр қатал системаны құрайды оны қозғағыш буын дейдi (иiн, бұлғақ, жетектеме т.б.). Екi қосылған буын бiр-бiрiне қарағанда қозғалатын, кинематикалық жұпты құрайды. Кинематикалық жұптардан құралған буын (звено) кинематикалық тiзбектi құрайды. Қол тiрегiне (стойка) орналасқан барлық механизмдер кинематикалық тiзбектен тұрады.
Машина - бұл механизм немесе механизмдер үйлесiмi, белгiлi бiр жұмыс жасау үшiн қозғалыстың қайта өзгерiлуi немесе жұмыстың аяқталған түрi. Әрбiр механизм немесе бөлек түйiндердiң өзара қарым-қатынасын анық түсiну үшiн арнайы шартты белгiлермен белгiленген сызбамен сызып көрсетедi. Кинематика элементтер схемасы ЕСКД графикалық шартты белгiлермен орындалған“ 2.770-68 ГОСТ бойынша. Тiгiн машинасының негiзiн, орындаушы механизмдер құрайды, яғни тасымалдаушы механизмдер арқылы электроприводтан қозғалыс алады және технологиялық жүйенiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Берiлiс (привод) бiлiк – тасымалдаушы механизм болып табылады.
Машинаның айналмалы қозғалысын әртүрлi элементтердiң көмегiмен жүзеге асады. Машина мүшелерi жұмыс iстеушi бөлшектер және орындаушы бөлшектер деп бөлiнедi. Тiгiске қатысты бөлшектер: ине, қайық (челнок), жiп тартқыш, тiстi рейка, табан, iлмек және т.б. Машинаның жұмыс мүшесiне қозғалыс берушi және жiптi дұрыс реттеушi бөлшектер: бiлiк (вал), бұлғақ, иiн, бұлғақты иiн, жұдырықша, саусақ, тiстi дөңгелек, эксцентрик т.б. Буындардың жинау және бекiту механизмiн қамтамасыз етiушi бөлшектер: гайкалар, болттар, бүркеншiксiз шеге (штифты), винттар.
Қозғалмайтын бөлшектерге жататын: машинаның корпусы, қоршаулы механизмдерi және т.б. Ось дегенiмiз әртүрлi өзiне қатысты және қатысты емес бөлшектердi ұстап тұратын машина бөлшегi. Бiлiк - оське қарағанда айналмалы қозғалысқа арналған машина бөлшегi. Ось тiк стерженьдi болып келедi, ал бiлiк тiк және иiндi (коленчатый) болып келедi. Иiндi бiлiк иiндi-бұлғақты берiлiсте қолданылады,ол қайырма-үдемелi қозғалысының айналуы және керiсiнше түрлендiрiлу үшiн керек. Жұдырықша - бұл ауыспалы қыйсық тегiстiк түрiнде орындалған элементке жататын бөлiк. Құрамына жұдырықша кiретiн механизм жұдырықшалық механизм деп аталады. Жұдырықшалық механизмдер жатық және көлемдi болады. Көлемдiлердiң ең көп тараған түрi – ол айналмалы цилиндрлiк жұдырықшалар.
Жұдырықшаға әр түрлi бейне (форма) беру мүмкiндiгi – оның қозғалысты жанжақты өзгерту мүмкiндiгiн анықтайды. Жалпақ дөңгелек жұдырықша эксцентрик деп аталады, оның құрамына эксцентрик-эксцентриктiк қозғалыс беру механизмi жатады. Эксцентрик орнатылған бiлiктен - центрдiң ығысу үлкендiгi- эксцентритет деп аталады. Эксцентриктiк қозғалыс беру - негiзiнде айналмалы қозғалысты тербелмелi қозғалысқа айналдыру үшiн қызымет етедi.
Тiстi механизмдер – айналмалы қозғалысты бiр бiлiктен екiншi бiлiкке, айналмалы қозғалысты iлгерi басу қозғалысына айналдыруға және айналымның жылдамдығын өзгерту үшiн қолданылады, олардың негiзгi бөлшектерi тiстi дөңгелектер мен рейкалардан тұрады. Тiстi берiлiстер тiгiн машина құрылысында ең көп тараған берiлiстердiң (передачи) бiрi.
Айналымды беретiн бiлiкке бекiтiлген тiстi дөңгелек жетектеушi айналымды қабылдайтын – жетекшi деп аталады. Бiрiктiрiлген екi дөңгелектiң кiшiсi шестерна деп аталады. Тiс саны бiрдей шестернаның бiрi жетектеушi, ал келесi бiрi жетектелушi болады.
Тiгiн машинасы терi, бұйым және бас киiм өндiрiстерiнде қолданылатын машиналардың әртүрлi және ең көп тараған түрi. Тiгiн машиналарын құрастырып шығару және технологиялық белгiсiне қарап және заводтық деп классфикация-ланады. Құрастырып шығару белгiсi бойынша классификация негiзiне оның осы типтi сыйпаттайтын құрастыру ерекшелiктерi жатады. Бұл классификация бойынша тiгiн машиналары екi топқа бөлiнедi: әмбебап және арнайы. Әмбебап тiгiн машиналарына жан-жақты бiрнеше технологиялық операция жасайтын тiгiн машиналары жатады, мысалы: “1022”, “1022 М”кл, ”97”, “97А” кл көйлек, пальто, бас киiмдер тiгу кезiнде әртүрлi операциялар жасайды.
Арнайы тiгiн машинасына белгiлi бiр технологиялық операция жасайтын мысалы: iлмектi торлау (петельный), түйме қадау, торлау, жасырын тiгiстi т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет