Формирование профессиональных умений и навыков



бет7/25
Дата14.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#149478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
статьялар
Дуальді оқыту, Педагогика НКТ, Английский язык 6 класс, Айдана баяндама, актив студио, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ (1), Авторская программа по технологиии откр уроуи, Бас киім ғылыми жұмыс, Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру, метрология бойынша, Жаратылыстану ашық сабақ 07.12
Технологиялық белгiсi бойынша классификацияға тiгiн машинасының атқаратын мiндетiне қарай мынадай топтарға бөлiнедi:
а) түзу тiгiстi қайықты (шөлмектi);
б) түзу тiгiстi бiр жiптi iлмектi;
в) түзу тiгiстi көп жiптi iлмектi;
г) ирек тiгiстi (зигзагобразный);
д) түйме қадайтын жартылай автоматты;
ж) iлмек (петли) торлайтын жартылай автоматты;
з) жартылай автоматтандырылған әртүрлi бұйым бөлшектерiн өңдеуге арналған мысалы: жаға, манжет, жеңдi қондыру (302кл, ПМЗ).
Зауыдтық классификациясы тiгiн жабдықтарын жүйелеуге арналған. Жаңадан жасалған тiгiн машинасына осы классификацияға сәйкес өзiнiң шартты белгiсiн және тиiстi классын белгiлейдi.Тiгiн машинасын шығаратын әр завод өзiнiң кезектi маркасын әрiппен және санмен белгiлейдi.
Үлгi (тип) - әрiппен немесе санмен белгiленедi (РЛ-4,КЛ-1). Әрiппен белгiленгенi машинаның конструкциясының ерекшелiгiн белгiлейдi мысалы: РЛ- таспалы қыю машинасы (раскройно-ленточная), ал төрт сандық белгiсi кезектi өзгертiлуiн көрсетедi. ,,Подольск“ және ,,ОЗЛМ“ машина зауыдтары әрiптермен сандық белгiлермен класқа бөлiнедi немесе берiледi (мысалы: 22-А, 1022, 97Акл, 51кл, 51Акл.т.б.). Бұл жерде сандық белгi шығарылған модельдiң кезегiн, ал әрiп класын жәнеде құрылысының өзгертiлгенiн немесе қосымша бөлшектер ойластырып бергенiн көрсетедi.
Конструкциясына қарай машиналарды бiр инелi және көп инелi қайықты және қайықсыз, айналмалы және тербелмелi қайықты машиналарға бөлiнедi. Барлық машиналарды әмбебап және арнайы топқа қабылданған.
Әмбебап машинасына бiр-бiрнеше технологиялық операциялар орындай алатын (мысалы, қосып, қайып, бастырып, ақжайма, қондырып, бүгiп, жапсырып т.б.) тiгiн машиналары жатады. Олар 22-АМ, 1022, 1022 М кл, 97 кл, 97А кл,397 кл.
Арнайы машиналарға бiр ғана технологиялық операция орындай алатын (түйме қадау, iлмек торлау, қиынды шетiн торлау, жасырын тiгiс т.б.) тiгiн машиналары жатады. Олар 85 кл, 25-Акл, 27 кл және 95 кл, 1095 кл, 827 кл, 1495 кл, 220 кл, ВМ-50 кл, 26 кл, 51кл, 51 Акл. Жұмысшы машинаны басқаруына қатысуымен және бақылауы арқылы машинаны автоматтандырылған, автоматтандырылмаған, жартылай автоматтандырылған болып бөлiнедi:

  • автоматтандырылған машина - барлық операцияны толық өзi орындайды;

  • автоматтандырылмаған машина - жұмысшылардың көмегiмен орындайды;

  • жартылай автоматтандырылған машина - көбiне операцияларды машина орындайды, бiрақта жұмысшылардың көмегiмен.

Мысалы: iлгектi (петли) торлау тiгiн машинасында жұмыс iстеу кезiнде жұмысшы бұйымды орналастыру және алу кезiнде ғана, ал қалған операцияны торлау, матаны тесу, тасымалдау, машинаның тоқтау циклы автоматты түрде орындалады.
Тiгiн машинасының сыртқы көрнiсi негiзгi жұмыс мүшелерi. Өндiрiстiк және тұрмыстық тiгiн машиналары машинаның басынан, өндiрiстiк столдан және жеке электроприводтан тұрады. Тiгiн машинасының басы: жеңнен, қол тiрегiнен және платформадан тұрады. Тiгiн машинасы жеңнiң сол жағында маңдайшасы бар. Электроприводтан берiлетiн қозғалыс маховик дөңгелегiне, таспа арқылы берiледi. Тiгiн машинасының жең iшiндегi және платформа астындағы жұмыс мүшелерi қозғалысты маховик дөңгелегi арқылы алады немесе жүргiзiледi. Қол тiрегiнен ине қозғалысының сызығына дейiнгi арақашықтық тiгiн машинасының алаңы (вылет), деп аталады. Бұл арақашықтық бұйымның көлемiмен анықталады да, оны машина платформасындағы иненiң оң жағына орналастырады. Тiгiн машинасының маңдайшасында ине, жiптартқыш, табан механизмдерi орналасқан, ал платформа астында қайық, матажылжытқыш тiстi рейка орналасқан. Тiгiс пайда болу үшiн тiгiн машиналарында мынадай негiзгi жұмыс механизмдерi бар. Ине механизмi – матаны шаншып өтiп, яғни үстiңгi жiптi мата арқылы өткiзiп iлмек жасайды. Ине механизмi тiгiн машинасының маңдайшасында орналасқан, ол қайырмалы - үдемелi немесе жоғары - төмен қозғалыс жасайды. Қайық механизмi - инедегi iлмектi немесе салпыншақты (напуск) тартып кеңейтедi де, қайықты айналдыра, жоғарғы және төменгi жiптi айқастырып тiгiс пайда болуын жүзеге асырады. Бұл механизм платформа астында орналасқан айналмалы жане тербелмелi қозғалыс жасайды. Жiптартқыш механизмi – жiп тұғырынан тиектегi немесе бабинадағы жiптi инеге сабақтап, қайыққа жеткiзу және жiптi тарту ролiн атқарады, айналмалы және тербелмелi қозғалыс жасайды. Мата жылжытқыш тiстi рейка - матаны тiгiс мөлшерiне жылжыту қызыметiн атқарады, элипс (овалный) түрiнде қозғалыс жасайды. Табан механизмi - матаны ине пластинкасына және мата жылжытқыш тiстi рейкаға қысады және матаны жылжытуға мүмкiндiкiн тигiзедi. Тiгiн машинасының негiзгi жұмыс құралы ине, ол тiгiс пайда болу үрдiсiне тiкелей қатысады. Барлық тiгiн машиналарының инелерi маталарды шаншып, тесiп жоғарғы жiптi қайық жiбiмен айқасып мата бетiне тiгiс түсiредi, ине матаны шаншып, тесiп тiгу арқылы жiпте iлмек пайда болу қызметiн атқарады да, ал жiп тартқыш ары-берi жiптiң тартылуын реттеп тұрады. Иненiң ұшы үшкiр де және жiңiшке, жоғарғы жағы дөңгелек тегiс келедi, ол колба деп аталады. Колбадан төмен ұшы үшкiр стержень жалғасқан. Стерженнiң ең үшкiр ұшында иненiң көзi орналасқан жәнеде ұзын, қысқа өзекшелерден тұрады. Ұзын өзекше жiптiң ине шаншым кезiнде ине жiбiн үйкелiстен сақтайды, кiшi өзекше iлмек пайда болу жұмысын атқарады. Иненiң колбасы машинаның ине жылжытқыш стерженiне қондырылып винтпен қатайтылады. Ине көзiнiң бұндай көлемi ине матадан шыққан кезде жiптiң еркiн өтуiн қамтамасыз етедi, себебi жiп қозғалысы жiптартқыштың қозғалысымен салыстырғандағы жылдамдығы жоғары болып келедi. Инелердiң сандық белгiлерi стерженнiң қиылысына ине ұшының формасына және колбаның дайындалу ерекшелiгiне байланысты болады. Онда иненiң жалпы ұзындығы мен өзекшенiң орналасуы, колбаның диаметрi және ұзындығы ескерiледi. Сандық белгiлерiнен басқа тiгiн машиналарының инелерi стерженнiң жуандығына байланысты номерлерiмен белгiленедi. Тiгiн өнеркәсiбiнде қолданылатын инелердiң номерi 60-тан 210-ға дейiн болады. 1022 Мкл тiгiн машинасының инесi 0203 номерiмен белгiленген. Ине стерженiнiң диаметрi 0,75мм-ге тең келедi. Мысалы: 0203 № 75 инелердiң колбасында шығаратын кәсiпорынның санды индексi мен иненiң номерi жазылған. Матаны тiкпес бұрын тiгiн машинасының құжатында көрсетiлгендей жiптi дұрыс таңдап алып, жiпке сәйкес иненi де дұрыс таңдап алу қажет. Жiптi таңдау кезiнде оның оң (Z) және терiс (S) шыйратылғанына көңiл бөлу керек, себебi кейбiр тiгiн машиналарында тiгiс жүргiзген кезде жiп шыйратылып үзiле бередi. Жiптiң оң және терiс шыйратылғанын басбармақ пен сұқ саусақтың сағат тiлiнiң бағытымен бiрге бұрау арқылы ажыратуға болады.

Әдебиеттер



  1. Франц В.Я., Исаев В.В. Швейные машины. М., 1986.

  2. Ермаков А.С Оборудование швейных предприятий. М., 2004.

  3. Франц В.Я. Монтаж, техническая эксплуатация и ремонт швейного оборудования. М., 2005.

  4. Суворова О.В. Швейное оборудование. М., 2002.

  5. Труханова А.Т., Исаев В.В. Основы швейного производства. М., 1989.

Түйіндеме


Мақалада тігін машиналарының тарихы мен құрылысы өнеркәсіптегі тігін машиналарының түрлері сарапталынды.

Резюме
В статье дана история создания и основные характеристики швейных машин.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет