Формирование профессиональных умений и навыков


ӘОК 373.60 жаңа технология негізінде Кәсіби білім беру



бет9/25
Дата14.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#149478
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
статьялар

ӘОК 373.60
жаңа технология негізінде Кәсіби білім беру
Асқарова Ж.А. – п.ғ.к., доцент;
Иманқұлова Л.Б. – магистрант (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)

Қазақстан Республикасының Білім Заңының алғашқы баптарында: «Білім жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- делінген. Демек, қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, бүгінгі заман талабына сай шебер мұғалім болу мүмкін емес.


Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды (2015 жылға тұжырымдама).
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, кәсіби білім беру мен оқытудың жаңа технологияларын меңгерту – бүгінгі күннің басты талабы.
Әрбір мемлекеттің мәдени-экономикалық дамуы кәсіптік білім жүйесінің деңгейіне байланысты болғандықтан әлемдік деңгейде сөз болуда. Яғни, жаңа технологияға негізделген экономикалық жүйені қалыптастыруда кәсіптік білім жүйесі орын алды. Себебі, ол кәсіби біліктілігі мен дағдысын, кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын үнемі жетілдіріп отыруымен ерекшеленеді.
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені, мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу; екінші жағынан, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу мен астасып жатыр. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар дайындаудың сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметін ықпалдас-тыратын инновациялық білімді дамытуды, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланыстылығы, білім берудегі ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей, білікті мамандарды даярлау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны қолдану, оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады. Олай болса, жаңа технология мұғалімінің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани-адамгершілік, азаматтық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Кәсіби білім беруді ұйымдастыру технологиясы мен оның сапасы жаңа деңгейге көтерілуі – бұл қоғамда кеңінен талқыланып шешілетін саяси және жалпы ұлттық міндет болып табылады. Олай болса адамзат өміріне зияландыру, жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін кеңейту болашақ маманның шығармашылық іс-әрекеті мен ақпараттық технологияны меңгеруіне көңіл бөлу керек. Ғылым мен технологияның қарыштап дамуы адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық. Ақпаратты дер кезінде тарату, қабылдау және дұрыс құрастыру мен тиімді пайдалану – қазіргі қоғамның басты үрдісі. Ақпаратты дер кезінде тапқырлық пен білім және өндіргіш күш көзіне айналдыру, әрі сол арқылы бүкіл қоғамды алға бастыру ХХІ ғасырдың басты ерекшелігі болып отыр.
Ал ғылым мен техниканың дамуы біздің әр саладағы қызметімізбен қалыптасқан тұрмыс-салтымызға өзгеріс әкелетіні табиғи нәрсе. Ақпараттық құралдарды оқу мақсаттарында пайдалану оқушының жұмысын жеңілдетіп, ұзақ уақытта орындалатын қызметтен босататыны, қажет ақпаратты өзі іздеп табуға мүмкіндік алатыны туралы Б.С.Гершунский, С.А.Бешенков, Е.И.Машбиц, С.Г.Григорьев, С.А.Жданов, А.С.Лесневский, И.В.Роберт, А.П.Сейтешенов, Н.Т.Ермеков, К.З.Халықова, А.А.Қалыбекова, Д.М.Жүсіпалиева, Ж.Ж.Нұржанова, Н.Ғ.Даумов, т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Оқу процесі мен ұйымдастыру құрылымына ақпараттық технологияларды интеграциялау арқылы енгізуді Г.Б.Ахметова, М.Х.Балтабаева, Р.Ш.Бектұрғанова, Ө.З.Иманғожина, С.С.Құнанбаева, А.Ә.Нұрманалиева және т.б. зерттеу жұмыстарында жазылған.
Білім беруді ақпараттандыру үрдісі білім беру идеяларын жүзеге асыруға, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялауға, оның сапасы мен тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Атап айтсақ, әртүрлі педагогикалық өнімдерді (электронды оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары мен интернет, оқыту телебағдарламалары) белсенді түрде қолдануға өту, оларды құрастыруға, апробациялауға, енгізуге арналған жағдайларды туғызу, дәстүрлі жүйені жаңа жүйемен саналы түрде байланыстыру ізденістері аса күрделі мәселелердің бірі. Білімді ақпараттандыру жағдайында білім парадигмасының өзгеруі А.П.Ершов, С.А.Жданова, И.А.Заинчковский, Г.К.Тұрғанова, М.Жүсіпалие-ва және т.б., қазіргі жалпы білім беретін мектептің дамуының негізі ретінде ақпараттық технологиялары Г.А.Абумова, Н.Ермекова, С.Құнанбаева т.б. мәселелері ретінде зерттелуде.
Ақпараттық құралдар – адамның ақыл-ой, рухани, шығармашылық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық құралдарды дұрыс пайдалана білген әрбір азамат өз ісін жетік меңгереді, өздігінен жұмыс жасай алады. Бұл жерде қашықтан оқытудың спутниктік арна (ҚОСА), шет аймақ болып саналатын елді мекендегі мектептерге таратылатын оқу телебағдарламаларын атап өткен жөн. ҚОСА оқу телебағдарламаларының мақсаты – экрандық құралдар мен жалпы оқытудың телевизиялық құралдары арқылы оқушылардың ой-санасы мен сезіміне көркем бейнелер арқылы әсер ету, көру және сезім мүшелері арқылы жағдай туғызу болып табылады.
ҚОСА оқу телебағдарламаларын пайдалана отырып сұрақ қою, тақырып-тың идеясын ашу, сюжеттік, бейнелік образдарын, теориялық ұғымдардың ең негізгі байланысын ашу, оқушы бойындағы білім қоры мен ойлау операцияларын орынды, үйлесімді жүйемен қолдана отырып, оқытса – студенттердің қызығушылығы оянып, ақыл-ойы, шығармашылығы дами түседі.
Шәкірттің ақыл-ой қасиеттерін дамыту – оқытудың негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Қазіргі білім беру жүйесі Қазақстанға білімді, білікті азамат қажет екенін айқын көрсетіп отыр. Сыни ойлай алатын, болып жатқан өзгерістерге өз ойын толық жеткізетін және оған өз қатынасын жете түсінетін. Осындай азаматты тәрбиелеу мәселесі қазір де ерекше өзекті. Сонымен мемлекеттің күшеюі мен гүлденуі дарынды, талапты тұлғаларға тәуелді екені, оларға тәлім-тәрбие беретін оқытушыларға байланысты екені даусыз. Сондықтан оқытушы ең әуелі жоғары зерделі, парасатты шебер болуы керек. Оқытушы білім беру талабынан шығу үшін өзі де бейімді болуы керек. Ол үшін оқытушы ең алдымен терең кәсіптік білімді дұрыс меңгеруі тиіс.
Сын тұрғысынан ойлау оқушының қолда бар ескі ақпаратты басшылыққа ала отырып, мол ақпараттар алып өзіне қажеттісін таңдап алады. Мұғалімнің рөлі – бағыт беру, қадағалау. Бұдан оқушының ойлау қабілеті артады, белсенділігі дамиды. Мұндай технологиямен жұмыс істеген мұғалімдер сабақ өткізу үшін көп ізденеді. Бірақ өзі сабақ үстінде көп сөйлемейді, яғни оқушының сөйлегенін қадағалап, өзі бағыттауы арқылы оқушылардың өз бетінше білімді игеруі жүзеге асырылады. Сын тұрғысынан ойлау оқушылардың өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп, өмірге бейімделуге ықпал жасайды. Осы технологияларды қолданған әрбір мұғалім өзінің біліктілігін, шеберлігін көрсете білсе, онда оның кәсіптік шеберлігі артады.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген жаңа оқыту технологияларының бірі – Ж.А.Қараевтың «Модульдік деңгейлеп оқыту технологиясы». Аталған деңгейлі оқыту технологиясы бойынша жаңаша ойлау мақсатында өздігінен іздену және өз бетімен білім алуы негізінде оқушылардың белсенділігі мен танымдық әрекетінің артуына баса назар аударылды, яғни ойлау қабілеттерін, жаңа мәліметтерді талдау өз бетінше меңгеру дағдыларын, ғылыми болжам жасау іскерліктерін қалыптастырады. Олар әлемді тануға және ғылымдағы жаңалық-тарды білуге талпынады, өзі жауап іздейді, өз іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады. Бұл технология оқушының білім деңгейін таңдаудан басталып, жинақтау, бағалау арқылы жоғарылай береді. Сондықтан да алға қойылған мақсат білімді түсіну, оны қолдану, берілген білімді терең ұғу, меңгеру болса онда ол талдаудан бастап іздену, мәселені шешу, жаңа хабар алу, салыстыру, жинақтау, қорытындылау сияқты әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Қорыта келе, жаңа технологияларды қолданатын мұғалімдер үнемі ізденісте болады. Ізденіс барысында мұғалім оқыту міндеттерін шешудің жолдарын анықтайды. Ол үшін мұғалім:

  • оқушының білімді терең меңгеруіне терең ықпал ететін әдіс-тәсілдерді сараптайды;

  • әртүрлі оқулықтарды талдайды;

  • сабақтың тақырыбына қажетті оқу-әдістемелік құралдарды қарастырады;

  • оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне бағытталған тапсырмалар жүйесін қарастырады.

Кәсіби білім беруде болашақ маман иелерінің іскерліктері мен дағдысын өз мамадығына дұрыс қалыптастыру үшін кадрлар даярлауда дәрістер жүргізудегі жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы оларды нарық жағдайы мен әлемдік өркениеттегі даму бағыттарымен, ел, аймақ, экономикасына тигізетін әсері, рөлі, туралы мәліметтерді терең меңгереді.
Жаңа технологиялық тәсілдерді меңгерген сайын, шебер студент қабілетіне лайық жаңа шеберлік көкжиегіне қарай бағыттап, ізденіске жетелейді. Жаңа ақпарат көздерін пайдалану студенттерге ғылым негіздерін өз бетінше жүйелі жинауға үйретеді. Ал сыни ойлауға үйрету, кез-келген бұйымды жетілдіру мүмкіндігі бар екенін ұғындыру, өз кәсіби білім кеңістігін, кәсіби шеберлік деңгейіне жеткізіп, өнертапқыштық жолында өз ізденісін түпкі нәтижеге дейін апару қасиеттерін қалыптастырады. Жеке тұлғаның саналық қасиеттері оның белгілі кәсіп саласы аймағындағы қызметінде айқындалып, ашылады. Жеке тұлға белгілі бір техникалық үйірмелерге қатысып, өз идеяларын жүзеге асыру үшін ұдайы ізденісте, өз білім қорын танымдық қабілетін ақпарат көздері арқылы және жаңа технологиялармен танысып, білімдерін үнемі толықтырып отырғанда ғана кәсіби шеберлік шыңына жете алады, және тұлғаның саналық қасиеттері оның белгілі кәсіп саласы аймағындағы қызметінде айқындалып, ашыла түседі.

әдебиеттер



  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. // Егемен Қазақстан, 18.08.2005.

  2. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19.03.2004.

  3. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. А., 2006.

  4. Материалы международной научно-практической конференции. А., 2004.

  5. Сағатаев Т.С. Педагогикалық шеберлік негіздері. ҚазМУ Қарағанды 1996.

Түйіндеме


Мақалада кәсіби білім беруде болашақ маман иелерінің іскерліктері мен дағдысын өз мамадығына дұрыс қалыптастыру үшін дәрістер жүргізудегі жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы туралы мәліметтер қамтылған.

Резюме
В статье рассматриваются вопросы профессионального образования будущих специалистов, формирование навыков деятельности, внедрение новых технологий в процесс обучения.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет