ФөТ мамандығы бойынша Физиология анатомия негіздерімен пәнінен


Жүрек қызметінің реттелуі(жүйкелік,рефлекстік,гуморалдық)



бет10/21
Дата06.11.2022
өлшемі1,24 Mb.
#156716
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Ô?Ò ìàìàíäû?û áîéûíøà Ôèçèîëîãèÿ àíàòîìèÿ íåã³çäåð³ìåí ï?í³íåí

17.Жүрек қызметінің реттелуі(жүйкелік,рефлекстік,гуморалдық)
Жүрек жұмысының реттелуі үнемі жүйкелік және гуморальдық жолмен жүзеге асады. Жүректің жиырылу жиілігінің жүйкелік реттелуі – сопақша мида орналасқан «жүрек ырғағының орталығына» байланысты. Бұл орталықтан жүрекке қозғағыш жүйкелердің 2 тобы әсер етеді. Оның парасимпатикалық бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетсе, симпатикалық бөлімі жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді.
Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі
Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық тонусының өзгеруімен қамтамасыз етіледі.Орталықтың тонусы экстрорецепторлардан,проприорецепторлардан,интерорецепторлардан,рефлекстік алаңдардан келетін импульстерге байланысты(аорталық,сино-каротидтік,лөкпелік,Бейинбридж аймағы).
Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі
Әсері кезеген жүйке әсеріне ұқсас заттар ваготропты,ал симпатикалық жүйке әсері сияқты химиялық заттар симпатотропты заттар деп аталады.Қанға түрлі заттар қамтамасыз етеді(иондар,гормондар,медиаторлар және т.б химиялық заттар).
18. Жүрек қызметіне парасимпатикалық, симпатикалық жүйке талшықтарының және олардың медиаторларының әсері.
Тамырлардың тонусына вегетативтік жүйке әсер етеді.Олар симпатикалық және парасимпатикалық.Тамыр жүйкелерін тарылтатын вазоконстриктор(симпатикалық) одан кейінгісі тармыр жүйкелерін кеңейтетін вазодилаторлар (парасимпатикалық) деп екіге бөлінеді.1851 жылы Клод Бернар деген француз ғалымы тәжірибе жасады.Тәжірбисінің маңызы симпатикалық жүйкенің (вазоконстриктор) қан тамырларын тарылтатынын дәлелдеді.Тәжірибе ақ қоянға жасалды.Оның құлақ тамырларындағы симпатикалық жүйке жүйесін мойынға жақын жерден кесіп тастаса,тамырдың кеңейгені ешқандай құралсыз көрінді және құлақтың қызарғаны,1-2 градусқа қызуының көтерілгені байқалды.Содан кейін кесілген жердегі жүйкені шеткі құлаққа жақын жерден ұшын тітіркендірсе,керісінше құбылыс байқалды.Яғни,құлақтың тамырлары тарылды,қызуы түсті,құлақ сұрғылттанып кетті.Бұл тәжірибенің қорытындысы:симпатикалық жүйке жүйесі қан тамырларын тарылтып,олардың тонусын жоғарлатады.Мұнымен қатар тамырлардың тарылуы мен кеңеюі сол жүкелердің ұшынан бөлініп шыққан медиаторларға және рецепторлар түріне байланысты болады.
Симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкенің ұшынан-норадреналин және адреналин бөлініп,ал ганглийге дейінгі ұшынан ацетилхолин бөлінеді.Норадреналин көбінесе альфа -адренорецептормен әрекеттесіп қан тамырларын тарылтады.Адреналиннің қан тамырларға әсері оның аз-көптігіне байланысты,тым көп боллса,адреналин бетта адренорецепторлармен әрекеттесіп,қан тамырларын кеңейтеді.Ацетитхолин қан тамыры қабырғалырндағы салалы еттердің тонусын төмендетіп,түтігін кеңейтеді.Клод Бернар үш парасимпатикалық жүйке:сыртқы жыныс ағзаларын;Тілдің;сілекей бездерінің тамырлары кеңейетіндігін байқады.


19.Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі. Данини-Ашнер рефлексі.
Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық тонусының өзгеруімен қамтамасыз етіледі. Орталықтың тонусы экстрорецепторлардан, проприорецепторлардан, интерорецепторлардан, рефлекстік алаңдардан келетін импульстерге байланысты (аорталық, сино-каротидтік, лөкпелік, Бейинбридж аймағы).

Данини – Ашнер тәжірибесі Адамның көз алмасына басатын болса, жүрек соғу жиілігі әдетте баяулайды. Бұл құбылыс кезбе жүйке ядроларының реф- лексті қозуымен түсіндіріледі. Рефлекстің доғасы көз қозғалтқыш жүйкенің афференттік талшықтарынан, сопақша ми нейрондары мен кезбе жүйкеден құралған, қозған кезде жүрекке тежегіш әсер тудырады. Жұмыстың мақсаты: Жүректің жанама рефлексін бақылау. Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: Секундомер, стерильді сүлгілер. Зерттеу обьектісі-адам. Жұмыс барысы: Зерттелушінің жүрегінің соғу жиілігін (пульс бойынша) анықтайды. Эксперимент жүргізуші қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен стерильді дәке сүлгі арқылы 10 секунд бойы көз алмасын ақырындап басады. Көз алмасын басқаннан кейін, тез арада жүрек соғуын қайтадан санайды. Әдетте бұл жағдайда пульстің соғуы шамамен 10 – ға азаяды. Жұмыс нәтижесі және оны өңдеуге нұсқау: Зерттелушінің көз алмасын басқанға дейінгі және басқаннан кейінгі пульстік жиілікті хаттамаға тіркеңіздер. Рефлексті доғаның схемасын салыңыздар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет