Көмірқышқыл газының әсері. Фотосинтез процесінің жүруіне керекті болатын негізгі шарттың бірі -көмірқышқыл газының болуы. Ауа қүрамының 0,02-0,03%-ы көлемі жағынан алғанда көмірқышқыл газынан түрады. Егер біз кез-келген бір органикалық затты алып қарастырсақ, оның құрамында міндетті түрде көміртегі кездесетіндігін байқауға болады. Көміртегі табиғатта тыныс алу, жану және ашу процесінде үнемі өзгеріп отырады. Жер планетасындағы көміртегінің айналымы — өз алдына үлкен, өте күрделі процестердің бірі.
Жоғарыда көрсетілген ауа күрамында кездесетін көмірқышқыл газының мөлшері өсімдіктерде фотосинтез процесі жүруі үшін жеткілікті. Осы мөлшерден 0,04-0,05% — ға дейін арттыру тәжірибе жүзінде өсімдіктің С02 ассимиляциялауының артатындығы, өнім жоғары болатындығы дәлелденді. Ауадағы көмірқышқыл газы мөлшері 0,04% болғанда жемістердің өнімі 2 есе артқандығы белгілі болды. Ал, С02 мөлшерін 0,1%-ға жеткізу өсімдіктер өнімін арттыру орнына оларды ауруға шалдықтыра бастаған. Жабық бөлме мен жылыжайларда өсірілген өсімдіктерді үнемі көмірқышқыл газымен қамтамасыз етіп түру керек. Ол көмірқышқыл газы бар арнаулы балондарды немесе ағаш үнтағы сияқты арзан отындарды бықсытып жағу арқылы іске асырылады. Ал өндірістік жағдайда өсірілген өсімдіктер парниктер көңінің ьщырауы нәтижесінде бөлінген С02 мен қамтамасыз етіледі.
Швед оқымыстысы Г. Лундегорт 1924 ж. табиғат жағдайында күндіз С02 мөлшері 0,03%-ға төмен түсетіндігін, оның себебі: өсімдіктердің фотосинтез екпінділігі артатындығынан екендігін бақылайды. Өсімдіктер С02-ні тек жапырақтары арқылы ғана сіңіріп қоймай, сонымен бірге тамыры арқылы да қабылдайды. Сондықтан топырақтағы С02 өсімдіктердің тамырына жеткілікті болу үшін және ол топырақтан мол бөлініп шығу үшін агротехникалық шараларды пайдалану қажет. Дала егістеріне көң төгу, минералды тынайтқыштар беріп, жерді жақсылап қопсытып, өңдеу арқылы топырақтың қүнарлылығын арттырып ғана қоймай, ондағы микроорганизмдердің тіршілік әрекеттерін жақсартып, көмірқышқыл газының
одан мол бөлінуіне жағдай туғызуға болады. Сөйтіп, өсімдіктердің қабылдайтын көмірқышқыл газы негізінен жан-жануарлардың тыныс алуынан, топырақтағы микроорганизмдердің тіршілік ету кезінде бөлінген және өсімдіктердің тыныс алу нәтижесінде шыкқан С02 мен қамтамасыз етіледі.
Басқа газдармен салыстырғанда көмірқышқыл газы — өте ауыр газ. С02 — өсімдіктің устьицалық аппараты саңлауынан оңай өтеді. С02-нің диффузиялану жылдамдығы көлемге тура пропорционалды болмай, керісінше тесіктің саңылау диаметріне тура пропорционалды болып келеді. Қаншалықты саңылау диаметрі кіші болса, соншалықты С02-нің өту жылдамдылығы артады. С02 ауыр газ болғандықтан, биік ағаш пен сол орман ішіндегі көлеңке өсімдігі — оның айырмашылығы.